қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2024

Жалпыуниверситеттік «Ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім» конкурсы  


2024 жылдың 25 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Педагогика» кафедрасы «Ұлттық тәрбие» орталығымен бірлесіп педагогикалық мамандықтардың 1 курс студенттері арасында «Ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім» тақырыбында жалпыуниверситеттік конкурс өткізді.

 

Жиынға қатысушыларды әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық кодты сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін ұлттық бірегейліктің маңыздылығына тоқталды.

 

Жарысқа бұрын әр институтта өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанған 6 команда қатысты. Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды, оның әрқайсысында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жаңартқан тапсырмалар болды.

 

Жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілген көрермендермен интерактивті ойын, Өнер, мәдениет және спорт институты студенттерінің музыкалық қойылымдары көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

 

Сайыскерлерді Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедра меңгерушісі Г.Шаһарманның басшылығымен білікті қазылар алқасы, қазылар алқасының мүшелері ҚазМемҚызПУ доценті Р.Қарсыбаева, «Abai University» газетінің бас редакторы Б.Шарахымбай,  Академиялық мәселелер бойынша департамент директорының орынбасары Т. Әуелғазина, педагогика кафедрасының меңгерушісі Ш. Колумбаева бағалады.

 

Конкурс қорытындысы бойынша 1 орынды «Shanyraq» командасы (МФИИ); 2 орынды «Елімай» командасы (ППИ); 3 орынды «Шаңырақ» командасы (ЖГИ) иеленді. Номинацияларға Ы. Алтынсарин атындағы  «Жас тұлпар» командасы (ТжҚИ); М.Жұмабаев атындағы «Бөрілі байрақ» командасы ( ДШжС); Ө.Жәнібеков атындағы «Аманат» командасы (ФИ) ие болды.

 

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталса, команда жетекшілеріне алғыс хаттар және барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  




Вернутся назад