қазақша · русский · english
   
25.04.2024

«Абай аруы мен сұлтаны - 2024» конкурсы


2024 жылдың 23 сәуірінде Абай университетінде «Абай аруы мен сұлтаны - 2024» конкурсы өтті.

 

«Абай аруы мен сұлтаны - 2024» конкурсының мақсаты - студент жастарымыздың өнерін кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жастарымыздың қабілеттерін дамыту. Олардың университет ішінде, одан қалды қала көлемінде танылуына мүмкіндік жасау.

 

Университетімізде өткен аталмыш сайыс тартысты әрі қызу бәсекеге толы болды. Әр институттан жұп болып шыққан арулар мен сұлтандар өзара мықтыны анықтау үшін үш кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезең - «Бұл кім десең?» сәлемдесу кезеңі. Бұл кезеңде әр жұп өзін және өзі оқитын институтты таныстырды. Екінші кезең - «Ұлттық таным» сұрақ-жауап кезеңі. Бұл кезеңде арулар мен сұлтандар жеке-жеке сұраққа жауап беру арқылы балл жинады. Үшінші кезең - «Өнерлі ұрпақ» кезеңі. Бұл кезеңде де қатысушы жұптар бөлек-бөлек өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Сайыс қорытындысы бойынша  Өнер, мәдениет және спорт институтынан Ілияс Исмаил пен Ұлпан Оралбай I орын алып, «Абай сұлтаны - 2024» және «Абай аруы - 2024» номинациясына ие болып, 150.000 теңге көлеміндегі жүлдені жеңіп алды.

 

Сайысымыз алдағы уақытта дәстүрлі түрде өз жалғасын табады.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  




Вернутся назад