қазақша · русский · english
   
26.04.2024

XVI Республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлерімен кездесу


2024 жылдың 25 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп «6В012 - Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім алушылар арасында ұйымдастырылған XVI Республикалық пәндік Олимпиаданың жүлдегерлерін қабылдады. Олимпиада 2024 жылдың 18-19 сәуір аралығында Ақтау қаласында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде өтті.


Олимпиада қорытындысы бойынша Жаратылыстану және география институты «6В01510-Химия» мамандығының 2-ші курс студенті Берік Пердебай I орынды, «6В01510-Химия» мамандығының 3-ші курс студенті Гүлнұр Жиенбаева III орынды, жалпы командалық есепте I орынды жеңіп алды. Команда жетекшісі - х.ғ.к., доцент Ханат Дюсебаев.


Кездесуде ректор дарынды студенттердің кәсіби өсуіне ықпал ететін халықаралық және республикалық іс-шараларға қатысуының маңыздылығына тоқталып, оларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Университеттің бірінші басшысы жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, Абай атындағы ҚазҰПУ командасын лайықты дайындағаны үшін химия кафедрасының оқытушыларына алғысын білдірді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  




Вернутся назад