қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
28.02.2020

Универсиада: кёрлинг жарысы басталды

 


 

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VIIІ қысқы Қазақстан Универсиадасы жалғасуда, деп хабарлайды ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз хатшысы.

 

Бүгін Алматыда "Алматы арена" мұз айдынында керлинг жарысының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сайысқа 10 жоғары оқу орнының студенттері қатысуда:

 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қазақ спорт және туризм академиясы С.Аманжолов атындағы

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

 

Жеңімпаздар 6 наурызда анықталады.

 

VIII қысқы Қазақстан Универсиадасының бағдарламасына сәйкес қысқы президенттік көпсайыс, керлинг, қысқы президенттік бағдарлау, биатлон, шаңғы жарысы Өскемен, Алматы, Риддер қалаларында өтуде.

 

Айта кетейік, Люцернде (Швейцария) өтетін XXX қысқы Универсиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларымыз Қазақстан универсиадасына қатысушы 25 жоғарғы оқу орнының 450-ге жуық спортшысының арасынан іріктеледі.

 

 

28.02.2020 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz

 



222

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler