қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
25.02.2020

«Алыстан сермеп, жүректен тербеп...» атты әдеби кеш өтті

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Алыстан сермеп, жүректен тербеп...» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.

 

Әдеби-сазды кеш бірінші проректор Мақтағали Бектемесовтің Абайдың шығармашылығына арналған алғы сөзімен ашылды. Ұстаздар қауымы ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әніне айтылған хорға доцент Светлана Балагазова дирижерлік етті.

 

Студенттер ақын өмірінен бір үзік сырды сахналаса, ұлттық аспаптарымыз қылқобыз, жетігенмен орындалған күйлер кеш сәнін асқақтата түсті. Кафедра оқытушыларының ақын өлеңдерін жеті тілде жеткізген «Абай әлем тілінде» видеоролигі де қатысушыларға ерекше әсер берді. «Ұлы дала қыздары» этно-эстрадалық топтың орындауындағы «Ел-жер-ана» әнінен кейін студенттер Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен кеш шымылдығы жабылды.

 

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

25.02.2020 ж.

Ақпарат көзі: еgemen.kz


 



161

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler