қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
21.03.2020

 

Құрметті әріптестер және білім алушылар!

Сіздерді Наурыз мейрамымен - көктем мен жаңару мерекесімен құттықтаймын!

Наурыз мейрамының тарихы терең және әрқашан бұл мереке көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі, еңбегі, достығы мен келісімінің нышаны болып келді. Оның көмегімен ата-бабаларымыз өздерінің жетістіктерін өлшеп, болашаққа жоспар құрды. Бұл игі дәстүр әлі күнге дейін сақталып келеді. Наурыздың өзі ұлтына, жасына және әлеуметтік жағдайына қарамастан барша қазақстандықтардың сүйікті мерекесіне айналды! Біздің университет ұжымы үшін де.

Көптеген халықтар, соның ішінде қазақ халқы үшін Наурыз - Жаңа жыл, қорытындылар жасап, болашаққа жоспарларды айқындау кезеңі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, әлемдік және отандық рейтингтерде Abai University тұрақты түрде көшбасшы орында тұрғанын атап өткім келеді.Қазақстан Республикасының педагогикалық жоғары оқу орындары арасында - бірінші орынға ие. Бірақ біздің университет мұнымен шектелмей, үнемі дамып келеді, перспективалы мамандықтар ашуда, оқу-зертханалық аумақтарды кеңейтуде, жаңа технологиялар мен бағыттарды енгізуде. Біздің университеттің түлектері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерде де табысты жұмыс істейді. Абай университетінің дипломы педагогикалық білім берудің жоғары сапасының дәлелі болып табылады. Бұған сіңірген еңбек ең алдымен сіздерге тиесілі, құрметті ұстаздар!

Құрметті студенттер! Абай университетінің қабырғасында алған біліміңіз сізге зияткерлік дамудың тағы бір сатысына көтерілуге, сол арқылы арманыңызға жақындауға және болашақ кәсіпте өзін толық жүзеге асыруға көмектеседі деп сенемін. Педагогтың еңбегі қиын, бірақ асыл және кез-келген елде қажет.

Осы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық амандық, мейірімділік пен бақыт тілеймін! Наурыз жақсылықтарға үміттендіріп, жоспарлардың сәтті жүзеге асуына сендірсін! Осы жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктеріміз жаңа жеңістермен толықсын!

Құрметпен,

ректор Такир Балықбаев

 



91

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler