қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
26.03.2020

Онлайн оқыту - мәжбүрлі шара

 


 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша COVID-19 вирусының алдын алу мақсатында бірқатар шұғыл шаралар қолға алынды. Осы орайда Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждері 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту түріне көшкені белгілі.

 

Білім және ғылым министрі Асхат Ай­мағамбетов еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждер қашықтықтан оқытуға дайын екенін айтқан болатын. «Қа­шық­тық­тан оқытуға Қазақстандағы жоғары оқу орын­дарының қауқары жетеді. Біздің уни­верситеттердің көпшілігі үлкен қалаларда ор­наласқан. Сол себепті студенттерді қа­шық­тықтан оқытуға техникалық мүм­кін­дік бар және интернеттің жылдамдығы да жеткілікті. Біз 1,5-2 ай бұрын жұмыс тобын құ­рып, осы мәселені қолға алдық. Жоғары оқу орындары мен колледждерде тестілеу жұмыстары жүрді», - деді министр.

 

Елімізде алғаш рет жаппай қашық­тық­тан оқытуға көшкен ЖОО мен колледж­дер­дің аудиториялары қаңырап бос қалды. Оқытушылар да қашықтықтан жұмыс істеу ре­жиміне ауысып, ендігі жерде студент­тер­дің сабақ үлгерімін тек үйде отырып ком­пью­тер мен смартфон арқылы тексере ала­ды.

 

Жалпы еліміз бойынша 2019 жылғы 1 қаң­тардан бастап сырттай оқыту тоқ­та­тылып, қашықтықтан оқытатын технологиялар пайдаланыла бастаған болатын. Бүгінде әлемді алаңдатқан COVID-19 вирусына қарсы күресте Қазақстанның сырттай оқу түрін қашықтықтан оқытуға алмастыруы ұтымды шешім болғанын көріп отырмыз. Себебі қашықтықтан оқыту жүйесіне жаппай көшкен ЖОО бүгінде студенттерді онлайн нұсқада білім берумен қамтамасыз етіп отыр.

 

Вирусқа байланысты карантин жағ­дайы жалғасатын болса, мектеп оқушылары да 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқытуға көшеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі: «Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалудамыз. Онда бейне-сабақтар са­бақ кестесіне сай көрсетілетін болады. Бұл тетік, әсіресе интернет қуаты әлсіз жә­не қажетті құрал-жабдықтарға қатысты қиын­дықтары бар ауылдық білім беру ұйым­дары үшін өзекті», - деп түсіндірген бо­латын.

 

Халықаралық Túrkistan газеті оқыр­ман­дарға еліміздегі ЖОО-ның қашық­тық­тан оқыту процесінің қалай жүріп жатқаны жә­не оның білім сапасына әсері туралы оқытушылар мен студенттердің пікірін тыңдап көрген еді.

 

Гүлмира САУДАБАЕВА, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:

 

Білімге құштар бала жағдай талғамайды

 

- Қашықтықтан оқыту мен үшін таңсық емес. Өйткені оқу процесінің бұл түрін еліміздегі көптеген жоғары оқу орындары бұрыннан жүзеге асырып келеді. Қашықтықтан білім беру технологиялары жұмыс істейтін, отбасын құрған студенттерге қолайлы. Тапсырманы тәуліктің кез келген уақытында орындай алады. Әсіресе, колледж бітіріп, жоғары оқу орнына түскен студенттер қашықтықтан оқыту жүйесін тез меңгереді. Жалпы, оқимын деген бала қандай жағдайда да білім алуға ұмтылады. Бұл тәсіл арқылы білімді әділ бағалау қиын шығар, мүмкін ізденуші тапсырма жауабын біреуден көшіріп алатын шығар. Біз мұны көре алмаймыз, бірақ заман талабына сай пайда болған бұл оқыту тәсілі тиімді болып отыр.

 

Ал COVID-19 вирусының елімізде тарауына байланысты студенттердің жаппай қашықтықтан оқытуға көшуі студенттерден бөлек, оқытушылардың өзін біраз әбір­герге салғанын жасырмаймын. Оқы­ту­шылар пәнге қатысты барлық материалдарды студенттерге ыңғайлы болуы үшін алдын ала жүйеге салып қойды. Әдетте біз әр семинарда ең көп дегенде 10 студентті тыңдап үлгереміз. Ал қашықтықтан оқы­туға көшкелі бері бізден бір топтағы 30 сту­дентті бағалап үлгеруімізді талап етіп жатыр. Бірақ бір оқытушы 30 студенттен тұратын бірнеше топқа сабақ береді. Мысалы, мен жалпы алғанда 200-ден астам студентке сабақ беремін. Барлық студенттің жұмысын тексеру, бағалау, сонымен қатар қанша студенттің сабаққа қатысқаны немесе қатыспағаны, тапсырманы орын­да­ған-орындамағаны жайында есеп жасауға да біраз уақытымызды жұмсап жатырмыз. Мысалы, мен жер үйде тұрамын, өзімнің жеке жұмыс кабинетім бар. Ал жатақханада немесе пәтер жалдап тұратын оқытушылар студенттердің тапсырмасын қалай тексеріп жатқанын өзіңіз саралай беріңіз. Жақында ауылға барып келген бір танысым «Сту­денттердің тапсырмасын тексеру үшін да­лаға жүгірумен болдым. Өйткені ауылды жерде барлық жерде интернет жақсы істемейді екен» деп келді.

 

Ал жалпылай алғанда, оқытушылар қа­шықтықтан оқытуға дайын. Жоғарыда айтқанымдай, оқимын деген бала жағдай таңдамайды, технологияны тез игеріп, түсінбеген жерін видеоқоңырау жасап, сұрап алады. Студенттерім «аудиторияда оты­рып лекция тыңдап, бетпе-бет жүздес­кенге жетпейді екен, қашықтықтан оқы­тудан жалықтық» деп жатыр.

 

Гүлира ХАЛЫҚОВА, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры:

 

26.03.2020 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz



162

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler