қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
23.02.2018

 

«Заманауи өнер мен білім беру. Ұлттық және ғаламдық педагогикалық білім беру контекстінде: мәселелері, тенденциялары мен келешегі»  халықаралық ғылыми-практикалық конференция

           

2018 жылы 27 ақпанда  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқу ордасының 90 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи өнер мен білім беру. Ұлттық және ғаламдық педагогикалық білім беру контекстінде: мәселелері, тенденциялары мен келешегі» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. 


Конференцияның негізгі мақсаты «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі заманғы өнер мен педагогикалық білім беру саласындағы негізгі мәселелерді көтеру болып табылады.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасы.

 

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, қоғамдық және саяси қайраткерлері, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар шақырылады.

 

Пленарлық  отырыс:


І-секция. Өнер және білім: ЮНЕСКО стратегиясы мен принциптері.

 

ІІ-секция. «Рухани жанғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы өнер мен білімнің әлеуеті.

 

ІІІ-секция. Ұлттық және ғаламдық педагогикалық білім: мәселелері, тенденциялары мен келешегі».

 

IV- секция. Өнертану мен мәдениеттанудың заманауи мәселелері.

 

 

Ұйымдастырушы:

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Ш.Уалиханов көшесі 64 а. Өнер, мәдениет және спорт институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасы, 12 каб. тел.: (7272) 291-07-31.

Ұйымдастыру комитеті:

e-mail:  smanova_s@mail.rulaura_kakim@mail.ru.  

Байланыс телефондары: 8-775-255-62-16; 8-747-692-00-94; 8-701-149-85-09; 8-705-167-80-70; 8-775-721-02-14.
Басталуы: сағат 11.00 де.

 



596

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler