қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
04.06.2018

«Үркер-Үміт» байқауы

 

Биыл «Қазақ газеттері» серіктестігінің «Үркер» журналдың 10 жылдық мерейтойына байланысты, «Қазақ газеттері» серіктестігі жас қалам иелеріне «Үркер-Үміт» байқауын ұйымдастырып отыр.

 

Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Үркер-Үміт» байқауының биылғы жылғы ерекшелігі, жеңімпаздарды редакция алқасы емес, оқырман өзі таңдайтын болады. Демек, байқауға қатысушылардың шығармашылық жұмыстары «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты kazgazeta.kz сайтында жарияланып, онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

 

«Үркер-Үміт» байқауының талаптары:

- байқауға үш жанр: поэзия, проза, публицистика бойынша жұмыстар қабылданады;

- проза 7 беттен, және публицистика мен  поэзия 10 беттен аспауы керек;

- жұмыстар Times New Roman 14 шрифтімен қабылданады;

- байқауға 30 жасқа дейінгі қаламгерлер қатыса алады;

- қатысушы жұмыстарын жолдағанда қосымша өзі жайлы ақпарат: аты-жөні, электронды поштасы, ұялы телефонын толықтай көрсетуі керек;

- жұмыстар 2018 жылдың 1-қазанына дейін қабылданады,  urker_2010@mail.ru электронды поштасына төбесіне «Үркер-Үміт» байқауына деп көрсетіліп, жолдануы тиіс.

 

Байқау жарияланған сәттен бастап, қабылданған алғашқы жұмыстар 15-мамырдан сайтқа салына бастайды және онлайн режимде дауыс беру жүзеге асырылады.  Әр үміткердің жұмысына дауыс беру уақыты - 1,5 ай. Осы уақыт ішінде онлайн режимде жиналған дауыс үміткердің көрсеткіші болып табылады. Бір айдан кейін алғашқы үміткерлердің орнына жаңа қатысушылардың жұмыстары жарияланады. Осылайша талапкерлердің жұмысына дауыс беру 5 кезеңнен өтетін болады. Әрбір қатысушының онлайн арқылы жинаған дауыс саны толығымен kazgazeta.kz сайтындағы рейтинг кестесінде көрсетіліп отырады.

 

Байқауға келіп түскен жұмыстардың сайтқа жариялану мерзімі:

1 кезең жұмыстары - 15 мамыр-30 маусым;

2 кезең жұмыстары - 1 шілде-15 тамыз;

3 кезең жұмыстары - 16 тамыз - 30қыркүйек;

4 кезең жұмыстары - 1қазан - 15 қараша.

 

30-қараша kazgazeta.kz сайтында жеңімпаздардың аты-жөні жарияланады және еліміздің тәуелсіздік мейрамының қарсаңында марапаттау рәсімі өтеді.

 

Байқау жеңімпаздары үш номинация: үздік проза, үздік поэзия және үздік публицистика бойынша марапатталады. «Үркердің» үміт артқан үздіктері арнайы дипломмен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Байқау бойынша толық ақпаратпен «Үркер» журналының (urker.kazgazeta.kz/?page_id=6999) сайтынан танысуға болады.

 



363

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler