қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.07.2018

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессор-оқытушылар құрамы қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына байқау жариялайды

 

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ - 11

 

1.  Математика және математикалық моделдеу  кафедрасы: ғылым кандидаты/ доктор PhD аға оқытушы-3.  

2.  Физика  кафедрасы:  қауымдастырылған профессор(доцент) - 1, ғылым кандидаты/доктор PhD аға оқытушы - 2.

3.  Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы: ғылым кандидаты/доктор PhD аға оқытушы - 3.

4.  Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы:  қауымдастырылған

профессор(доцент) -1, ғылым кандидаты/доктор PhD аға оқытушы -1.

 

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ  ИНСТИТУТЫ - 7

 

1. Қазақ тілі теориясы мен  әдістемесі кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) - 2,  ғылым кандидаты/доктор PhD аға оқытушы - 1.

2. Академик С.С.Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті  кафедрасы: ғылым кандидаты/доктор PhD аға оқытушы - 2.

3. Кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасы: ғылым кандидаты/доктор PhD аға оқытушы - 2.

 

Байқауға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің, ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Аға оқытушы лауазымына: үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі,  ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және  ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

 

Байқауға қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) университет ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері;

5) жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі;

6) ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі;

7) біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда);

8)  №086 медициналық анықтама, флюорожазба;

9) соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

10) наркологиялық ұйымның анықтамасы;

11) психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

12) басқа мекемеден келген тұлғалар үшін соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

13) үміткерлердің - ашық сабақ материалдарының презентациясы (электронды түрде, 30 слайдтан артық емес).

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау: 2018 жылғы шілденің 25-нен тамыздың 20-на дейін (қоса алғанда)

 

Құжаттар келесі  мекен жайда қабылданады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13

Персоналды басқару бөлімі, №103 бөлме; сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

 

Анықтама телефондары: 8 (727) 291-82-57, 291-18-29, 291-34-35.

 



581

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler