қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
04.12.2018

Венгрияда тегін білім алу!

Венгрияның жоғары оқу орындарына қазақстандық азаматтарға 250 білім гранты бөлінді

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының адам ресурстарын қорғау министрлігі арасындағы 2013 жылдың 19 қарашасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Венгрия Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2019-2020 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.

 

Осы бағдарлама аясында Венгриянын тарапынан Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламаларға 250 грант бөлінген:

- бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын (өнер, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, техникалық ғылымдар);

- 90 орындық магистратура бағдарламасы бойынша (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер);

- бакалавриат және магистратураның бірлескен бағдарламасы бойынша 5-тен 6 жылға дейін (жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, архитектура, заң, ветеринарлық хирургия, ауыл шаруашылық саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер);

- докторлық бағдарлама 20 орын (барлық бағытта).

 

Осы гранттар бойынша ақпарат келесі сілтемеде көрсетілген: http://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programme

 

 

Венгр веб-сайтында онлайн тәртібінде тіркелу мерзімі - 15 қаңтарға дейін және толық құжаттар пакетін 2019 жылдың 20 қаңтарына дейін қабылдайды.

 

Іріктеу рәсімі Венгрия тарапынан 28 ақпаннан 2019 жылдың мамыр айына дейін өткізіледі.

 

Құжаттарды онлайн және қолма-қол жеткізу қажет.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

Құжаттар файлда тапсырылады. Файл мұқабасында: толық аты-жөні, үй мекен-жайы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекен-жайы, оқу-орны, мамандығын көрсететін таңдалған университетін көрсетіңіз.

 

Құжаттар 1 данада беріледі және олардың толық қолжетімділігі мен ғана қабылданады.

 

Байланыс тел .: +7 (7172) 76-90-84, 76-93-86, 76-93-85, 76-90-82, 76-90-83, 76-90-56.

 

Құжаттарды қабылдау уақыты: Сағат таңғы 8.30-дан 17.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 13.30-ға дейін.


Толығырақ

 



109

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler