қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.03.2019

 

Құрметті жас талапкерлер!

 

2019 жылдың 25 ақпаны мен 19 наурызы аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚР білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Абай сыйы-2019» республикалық пәндік олимпиадасын өткізеді. Пәндік олимпиаданың мақсаты дарынды оқушыларды айқындау және қолдау, білімді насихаттау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Республикалық олимпиада екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңі  - қашықтан білім беру технологиялары арқылы olymp.kaznpu.kz сайтында on-line тәртібімен ағымдағы жылдың 25 ақпаны мен 7 наурызы аралығында өтеді.

Екінші кезеңі - «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 18-19 наурызы аралығында өтеді. 

 

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері.

 

«Абай сыйы-2019» республикалық пәндік олимпиадасы төмендегі пәндер бойынша өткізіледі:

1. Математика, Физика, Информатика;

2. Химия, Биология;

3. География;

4. Қазақтілі мен әдебиеті, Орыстілі мен әдебиеті, Ағылшын тілі;

5. Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы.

 

Екінші кезеңге өткен қатысушылар тізімі olymp.kaznpu.kz сайтына 8 наурыз күні ілінеді. 


Екінші кезеңге өткен оқушылар олимпиада өтетін жерге дейін билет алып, билеттің сканерленген нұсқасын kapchagay-baldauren@mail.ru  поштасына (келушілерді қарсы алу графигін жасау үшін) жіберу керек. Іссапар шығыныдары (бару-қайту жолы, тамақтануы және тұратын орны) олимпиадаға жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Қосымша ақпараттарды  www.baldauren-kapchagay.kz сайтынан білуге болады.

 

Өтетін орны: Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік батыс жағалауы, «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу - сауықтыру орталығы.

 

Анықтама тел.: 8(727)291-73-71, e-mail: talapker@kaznpu.kz, 87776843960, 87471984072, kapchagay-baldauren@mail.ru

 

 

 



799

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler