қазақша · русский · english
 
 
 
Абай атындағы ҚазҰПУ байқау кеңесі

 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы бұйрық»

 

Байқау кеңесі туралы ереже

 

«Абай атындағы ҚазҰПУ» ШЖҚ РМК байқау кеңесінің құрамы

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Байқау кеңесінің құрылуының басты мақсаты - 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясының аясында университет дамуының және өмірлік белсенділігінің негізгі мәселелерін үйлестіру.


«Абай атындағы ҚазҰПУ» ШЖҚ РМК байқау кеңесінің міндеттері:

- Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Стратегиясын және даму жоспарларын қалыптастыруға және оларды 2020 жылға дейін іске асыруға көмек көрсету;
- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды және педагогикалық білімді мамандар даярлау орталығы ретінде жұмыс істеуіне және кешенді дамуына ықпал ету;
- Қаржы ресурстарын, қаржылық есептілікті пайдалануды бақылау;
- Абай атындағы ҚазҰПУ-дің білім беру саласындағы саясатының тиімділігі тұрғысынан талдау жасау;
- Абай атындағы ҚазҰПУ -дің халықаралық білім беру, ғылыми, мәдени және халықаралық әлеуетін дамытуға көмек көрсету;
- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін бюджеттен тыс қаражат пен басқа да қаржы ресурстарын тартуға көмек көрсету.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың байқау кеңесі келесідей өкілеттіктерге ие:
1. ЖОО-ның даму жоспары туралы, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Министрлікке тұжырым береді;
2. Даму жоспарын іске асыру туралы есептің жобасын үйлестіреді, университеттің жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекітеді;
3. демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету және университеттің иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін қоса алғанда, қосымша көздерден алынған қаражатты бөлу туралы шешім қабылдайды;
4. бюджеттік  және басқа қосымша көздерден алынған қаражатты мақсатты пайдалануды бақылау үшін университет  және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен еш кедергісіз танысады, сондай-ақ осындай қаражаттың мақсатты пайдаланылуын тексеру үшін Министрлікке ұсыныстар енгізеді;

5. Университеттің ректорын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу туралы Министрліктің ұсыныстарын келіседі;
6. Ұжымдық шарттың дамытуға қатысады және даму жоспарын бекітту қаражат шегінде қызметкерлерге,университет ректорына, проректорларға,  бас бухгалтерге қосымша қаржы көздерінен жалақы, сыйақы беру, материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдайды;

7. Университеттің негізгі бағыттары бойынша комитеттер құрады;
8. Бақылау кеңесінің хатшысын тағайындайды, оның қызметі мен  жалақысын белгілейді, оның қызметін  бұрын тоқтатады;
9. Университеттің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Министрлікке ұсыныстар береді;
10. Университеттің басым бағыттары бойынша ұсыныстар дайындайды;
11. Университеттің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы Министрлікке ұсыныстар береді;
12. Министрлікке университеттің филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді.

 

3472
 
 
 
 
 
Besucherzahler