қазақша · русский · english
 
Абай атындағы ҚазҰПУ Жоба кеңсесі
 
 

 

#U 38 кездесуінде жаңа шыққан оқулықтар талқыланды

 

2018 жылы 31 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 18 оқулықтың шығуына байланысты Нархоз университетінің ұйымдастыруымен #U 38 Университеттер альянсының кездесуі өтті.

 

Шараны Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мен Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының меңгерушісі Нұрлан Есболатұлы жүргізді. Шығарылған оқулықтар әлем деңгейінде бағаланған еңбектер. Қатысушылар ерекше белсенділік танытып осы мәселелерге байланысты өз пікірлерін айтты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жоба офисінің басшысы Сайын Борбасов өз пікірін ортаға салды.

 

         

 

Қазақстан халқының тарихи жадын тәрбиелеу - ұлттық кодты сақтаудың негізгі бағыты

 

2018 жылдың 16 мамыр айында Абай атындағы ҚазҰПУ базасында «Қазақстан халқының тарихи жадын тәрбиелеу - ұлттық кодты сақтаудың негізгі бағыты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шара біздің университетіміздің Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлескен жобасы.

 

Дөңгелек үстелге республиканың ғылыми интеллигенциясының өкілдері, университеттің оқытушылары, қазақ халқының тарихы, мәдениеті, этнологиясы: Зиябек Қабылдинов, Мәмбет Қойғелдиев, Серік Әжіғали, Мереке Тулекова және басқалар қатысты.

 

Дөнгелек үстел отырысын Университеттің Жоба офисі мүшелері проректор Ақтолқын Құлсариева, профессор Сайын Борбасов, доцент Лаура Какимова ұйымдастырды.

 

Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Кабдулдинов Абай атындағы ҚазҰПУ кітапханалық қорына 40-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттерді ұсынды, оның ішінде академиктер Манаш Қозыбаевтың, Рамазан Сүлейменовтің, Мәлік Асылбековтің еңбектері бар.

 

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша шешім қабылданып, қатысушылардың баяндамалары жариялауға ұсынылды.

 

         

 

«Рухани жаңғыру»: «Материалдық емес мәдени мұра: халықаралық тәжірибе және перспективалар» семинары

 

2018 жылдың 5-9 мамыр аралығында Қарағанды облысының Ұлытау ауылындағы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайында дәстүрлі фестиваль аясында «Терсакканская весна» Қырғызстан мен Тәжікстанның халықаралық сарапшыларының қатысуымен «Материалдық емес мәдени мұра: халықаралық тәжірибе және перспективалар» тақырыбында семинар өтті.


Семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткізілді.

 

Семинарға мәдениеттанушы, педагогика ғылымдарының кандидаты,Өнер, мәдениет және спорт институтының доценті - Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ЮНЕСКО клубы, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО бойынша Ұлттық комиссияның материалдық емес мәдени мұраларын қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің мүшесі, Орталық Азиядағы мәдениетаралық шығармашылық білім беру бойынша ЮНЕСКО обсерваториясының (ALMOCA) мүшесі -Жанерке Шәйгөзова; өнертанушы, мәдениеттанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты, өнер, мәдениет және спорт институтының доценті-- Абай атындағыҚазақ ұлттық педагогикалық университетінің ЮНЕСКО клубы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Орталық Азиядағы мәдениетаралық шығармашылық білім беру бойынша ЮНЕСКО-ның обсерваториясының сарапшысы (ALMOCA) - Мадина Сұлтанова қатысты.

 

         

 

Педагогика және психология институтындағы танымдық дәріс

 

2018 жылдың 21 ақпаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Абайтану» музей-кабинетінде қазақ жоғары оқу орындарының қара шаңырағы университетіміздің 90 жылдығына орай және «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының 10 жылдығына байланысты Абай мұрасын Педагогика және психология институтының студенттеріне тереңірек түсіндіру, әрі университетте атқарылған істермен таныстыру мақсатында «Хәкім Абай» ҒЗО директоры Жабал Шойынбет «Абай даналығы - Абай университетінде» танымдық дәріс өткізді.


Осы мақсатпен ағымдағы жылдың 31 қаңтары күні Филология және көптілді білім беру институтының магистранттарына және доктаранттарына дәріс оқылған болатын.


Дәріс соңында Жабал Шойынбет тағылымы мол іс-шараны университетіміздің барлық институттарында өткізу жоспарланып отырғанын айтып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Студенттер өз пікірлерімен бөлісті. Абай әндері тыңдалды.

 

       

 

       

 

«Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» тарихи-танымдық іс-шарасы өтті

 

2018 жылы 30 қантар күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-да әдеби зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» тарихи-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараны Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті мен М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығы ұйымдастырды. Бұл дәріске университетіміздің профессор-оқытушыларымен қатар жазушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының жиені - Байсалова Айман Қабиденқызы және студент жастар қатысты.

 

Дөнгелек үстелді М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығының жетекші, филология ғылымдарының докторы, профессор - Ізтілеуова Салтанат Ізтілеуова жүргізіп отырды. Орталықтың директоры, тарих ғылымдарының докторы Дана Мұқатова алғы сөз сөйледі.

 

Сондай-ақ бұл дәріске Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы Өмірхан Әбдиманұлы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева, А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбет арнайы қонақ ретінде шақырылды. Танымдық дәрісте А.Байтұрсынұлы мұрасына арналған жинақтар топтамасы жинақ тұсаукесері өтіп, ғалымның еңбек жолы туралы деректі фильм көрсетілді.

 

       

 

       

 

                    

 

 

«ҰЛЫ ДАЛА ЖАСТАРЫ» жобасы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-да дөнгелек үстел

 

2018 жылдың 26 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Дене шынықтыру және мамандарды даярлау жүйесі» тақырыбында профессор Қайрат Адамбековтың 70-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.


Бұл шара университетіміздің «Ұлы дала жастары» кіші жобасы «Ұрпақтар сабақтастығы» бөлімінде жоспарланған тұңғыш іс-шара. Аталмыш іс-шараны ашқан университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов профессор Қайрат Адамбековтың еңбек жолына шолу жасады.

 

Бірінші проректор Мақтағали Бектемесов сөз барысында «Жоғары білім саласында жұмыс істеген жылдары аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан орынбасары, педагогика, спорт, психология және педагогика факультетінің деканы сияқты қызмет баспалдақтарынан өтіп, Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры болып жұмыс атқарған Қайрат Ілясұлының өмір жолы болашақ жастарға өнеге болды. 47 жылдық жемісті шығармашылық жұмыс жасап, дене шынықтыру және спорт саласында мамандар мен ғылыми кадрларды даярлауда өлшеусіз үлес қосты» - деп мерейтой иесінің өмір жолымен тастырып өтті.

 

Сонымен қатар іс-шарада «5В010800 / 6M010800- Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының 1-2 курс студенттер мен магистранттары өзінің сүйікті ұстазына, оның шығармашылық және тәлімгер өмірі туралы «Ұстаздың байтақ әлемі» фильмінің тұсаукесерін дайындады. Сөз сөйлегендер: Әкімшілік департаментінің директоры Мұхтар Ибраимов, институт директорлары Нұрдәулет Исабек, Берікжан Әлмұхамбетов, Болат Жұмағұлов, кафедра меңгерушісі Алмагүл Ілясова, жоба кенсісінің менеджері Лаура Какимова және т.б., барлық қатысушылар Қайрат Ілиясұлына денсаулық, өркендеу мен табыс тіледі.

 

       

 

       

 

«Импровизациялық өнердің ерекшелігі мен тарихи-әдеби процестегі маңызы» семинар

 

Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына байланысты «Авторлық ауызша әдебиет» ғылыми орталығының директоры профессор Бекен Ыбырайым «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Импровизациялық өнердің ерекшелігі мен тарихи-әдеби процестегі маңызы» тақырыбында семинар өткізді.


Семинар жұмысына Филология институтының «6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті», «6М12100-Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының магистранттары қатысты.


Семинардың мақсаты - халқымыздың ұлттық рухының сақталуына Алтай мен Атырау немесе Жетісудың арасындағы ақындардың шығармашылық сабақтастығы мен өзіндік төлтума ерекшеліктерін айқындау.


Семинар барысында импровизациялық өнердің белгілі бір тарихи-мәдени кезеңдердегі атқарған қызметі және тарихи рөлі мәселелеріне назар аударылып, авторлық ауызша поэзия шығармаларының жазба әдебиетке ықпалы, көркемдік дәстүрінің қазақ поэзиясында өзіндік көрініс тапқаны да атап айтылды. Осыған байланысты нақты мысалдар келтіріліп, магистранттардың қызығушылығын туғызды. Сондай-ақ авторлық ауызша әдебиетті зерттеуде қордаланып қалған көптеген мәселелер айтылып, осы орайда жаңа терминдер қалыптастыру қажеттігі ескерілді.

 

  

 

# U38 УНИВЕРСИТЕТТЕР АЛЬЯНСЫ

 

Қазақстан Республикасы Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Төртінші өнеркәсіптік революция жайғдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 31 қантарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қалалық жиыны өтті. Бұл іс-шараны Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Шынғыс Бескемпіров, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің проректоры Шолпан Жаманбалаева және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университететінің проректоры Жанатбек Шпекбаев өткізді.

 

Алматыдағы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша 38 университетті біріктірген университеттер альянсы құрылды. Альянстың негізгі мақсаты - осы бағдарламаны іске асыруда жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен ғалымдарының және студенттерінің әлеуетін тарту.

 

Қатысушыларының пікірінше, # U38 Университеттер Альянсы Елбасының қазақстандық жастардың рухани дамуына арналған жаһандық мақсатын іске асыруға арналған шығармашылық алаңына айналды. «University 38» Альянсы бірқатар шаралар өткізуді жоспарлап отыр: бірінші қалалық форум, қасиетті орындарға арналған ғылыми конференция, қазақстандық мәдениетті насихаттауға бағытталған интернет-жобалар және «университеттердің миссиясы» және т.б.


Талқылау барысында қатысушылар Алматы қаласының ЖОО-да аталмыш іс-шараны өткізу арқылы ынтымақтастық диалогын жалғастыруды ұсынды.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің атынан бұл маңызды шараға тәрбие ісі жөніндегі проректор Жанатбек Шпекбаев, жоба офисінің менеджірі Лаура Какимова, докторант Алмат Ержанов, магистранттар Мақсат Жақауов пен Ислам Қураев қатысты

 

  

 

  

 

 

«Рухани жаңғыру» педагогикалық журналистиканы дамыту жөніндегі республикалық байқаудың ережелері мен шарттары


АЛАШТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДӨНГЕЛЕК ҮСТЕЛ


2017 жылы 13 желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында, «Адырна» этно-этнографиялық ассоциациясының, «Атамұра көшелері» халықаралық қорының, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих және құқық институтының қолдауымен «Рухани жыңғыру» бағдарламасы аясында «Алаш» қалыптасуының 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.


Іс-шараға көрнекті тарихшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты: «Адырна» ұлттық этнографиялық қауымдастығының директоры Әубәкір Арман, академик Т.С. Садықова атындағыҚазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі профессор Койгелдиев Мамбет, «Қазан-Ян» газетінің бас редакторы Қазбек Иса, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алаш» орталығының директоры Аккулұлы Сұлтан-хан, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының библиографтары, ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханашылары, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушылары мен студенттері.


Дөңгелек үстел аясында жарияланған әдебиеттердің тұсаукесері өтті: «Әліхан Бөкейхан (1866-1937)» библиографиялық көрсеткіштері, «Алаш қозғалысы: тарих және қазіргі заман» кітабы, «Алаш Орда: ұлттық идея және дің мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинақ материалдары.


Дөңгелек үстелдің модераторы тарих және құқық институтының директоры, профессор Жұмағұлов Болат болды. Спикерлер Алаш көшбасшылары ұсынған ұлттық идея туралы пікірлерімен бөлісті. Дін, гендерлік теңдік, сауаттылық және білім беру мәселелері, алашорданың шығармашылығы талқылады. Қонақтар, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері дөңгелек үстел жұмысын оңға бағалады. Іс-шараның соңында барлық қонақтар Алаштың 100 жылдығына арналған арнайы күміс медаль түрінде алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

  

 

    

 

  

 

  

 

  

 

Фотоматериалдар

 

«Рухани жааңғыру» бағдарламасы аясында академик Оразалы Сәбденнің «Абай, Қазақстанның болашағы және әлемдік цивилизация» атты кітабының тұсаукесері өтті

 

2017 жылдың 28 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белгілі экономист-ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оразалы Сәбденұлы Сәбденнің «Абай, Қазақстанның болашағы және әлемдік цивилизация» аттыкітабының тұсаукесері болып өтті.


Кітапта автор айтқандай, Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері қазақ халқын, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеп келеді. Абай - ақыл-ой мен сөз бостандығының символына айналды. Біздің идеялымыз - Абай. Кітапта оның қара сөздерінде көтерілген мәселелерді ХХІ ғасырда іске асыру тетіктері айқындалған. Шетелдік және отандық ғалымдар Оразалы Сәбденнің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Абай, Қазақстанның болашағы және әлемдік цивилизация» атты кітабын жоғары дәрежеде бағалады. Сонымен қатар академик Оразалы Сәбденнің бұл еңбегі тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлем ғылымының дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті.


Академик Оразалы Сәбденді Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесуге келіп отырған кітап авторы туралы жақсы пікірлерін айтты.

 

Осы іс-шарада математика, физика және компьютерлік оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Алма Абылқасымова, профессор Темірхан Тебегенов, «Хакім Абай» орталығының директоры Жабал Шойынбет кітаптың құндылығына тоқталып, академик Оразалы Сәбденнің еліміздің гүлденуіне және ұлттық идеяны дамытуға қосқан сарқылмас қазынасы деп атады.

Абай, Қазақстанның болашағы және әлемдік цивилизация 

 

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарлама бойынша өткен
ғылыми-тәжірибелік конференция

 

2017 жылы 10 қараша айында Астана қаласында Алашорданың 100 жылдығына арналған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: АЛАШ ЖӘНЕ АЗАТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы, депутаттар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, Министрліктер мен ведомстволық ұйымдар қызметкерлері, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу институттарының басшылығы, ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл іс-шараға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен қатысқан ғалымдар: Кенжебаев Габит Қапезович, Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев, Жұмағулов Болат Сағидоллаұлы, Халидуллин Гизатулла. Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, 30 жыл бойы Алаш тақырыбын зерттеп жүрген Мәмбет Қойгелдиев, өз сөзінде 20 жыл бойы тарихи мұрағатта жиналған көптеген қызықты фактілерді келтірді.
Конференцияның қорытындысы бойынша Алаш қозғалысының есімін мәңгі есте сақтау, олардың мұралары туралы зерттеулерді жүйелеу және жас ұрпақты отансүйгіштік рухында тәрбиелеу туралы шешім қабылданды.

 

  

 

 

 

«Рухани жаңару» орталығының мастер класы

 

09.11.2017 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ПОҚ-на «Рухани жаңару» орталығының ұсынысымен «Оқытушылар, ата-аналар, студент арасындағы қарым-қатынасты нығайту» атты мастер-класс өтті. Мастер класты жүргізген «Рухани жаңару» орталығының директоры Алмас Ақын.
Бұл іс-шарада келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Оқытушының ең алдымен өзінің ішкі әлеміндегі гармонияны орнату.
2. Оқытушы өз отбасындағы проблемаларын шеше білу.
3. Студент және оның ата-анасымен оңай тілтабысу әдістерін үйрену.
4. Әртүрлі қорқыныштарды (несиеден, жалғыздықтан) жеңуді үйрену т.б.

 

  

 

«Рухани жаңғыру» дөңгелек үстел

 

2017 жылғы 27 қазан айында Достық үйінде «Жаңғырту 3.0: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Осы мақсатында Алматы қаласында «Туған жер» жобасының іске асырылу барысы талқыланды. Дөңгелек үстелді Алматы қаласының әкімнің орынбасары Арман Оразбайұлы Қырықбаев өткізді. Қатысушылардың арасынан Еуразиялық интеграция институт директорының орынбасары Наталья Павловна Калашникова, Алматы қаласындағы «Рухыни жаңғыру» жобалық офисінің басшысы Гүлнәр Қалелқызы Қоңырова, Сорбонна-Қазақстан институтының Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Жомарт Құдайбергенұлы Симтиков, «Барбанг» курдтар қауымдастығының президенті, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Шығыс тілдері және аударма кафедрасының меңгерушісі Князь Ибрагимович Мирзоев т.б. сөз сөйледі.
Бұл іс-шараға Абая атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар қурамы, докторанттар мен магистранттар қатысты.

 

  

 

  

 

«ҰЛЫ ДАЛА ЖАСТАРЫ» ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫРУ

 

2017 жылдың 20 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің ЖОО «Ұлы дала жастары» негізгі жобасымен танысу кездесу өтті.
Іс-шараға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Алматы қаласы бойынша жобалық офисінің жетекшісі Г.Қ. Қоңырова, Бағдарламаның басқару офисінің менеджері Б.Қ. Атыбай (Астана қ.), Алматы қаласының ЖОО-ның жауапты қызметкерлері, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты, барлығы 70 адам.
Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Ұлы дала жастары» жобасы шеңберінде шет тіл курстарын ашу, бизнес-жобалар үшін стартаптарды ұйымдастыру және енгізу, интеллектуалдық клубтар мен студенттік мансаптық бағдарламаларды құру, өз бизнесін ашқан жас мамандар санының артуы және т.б. бойынша негізгі міндеттеріне түсінік берілді.

 

  

 

  

312
 
 
 
 
 
Besucherzahler