қазақша · русский · english
 
 
 

 

Білімді ақпараттандыру департаменті (БАД) университеттің оқу-өндірістік үрдісін толықтай автоматтандыру, келешекте цифрлық университетке өту мақсатында  2017 жылдың 1 қазанында қайта құрылды. Департамент жұмысы жоғары білімнің негізгі мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты өндірістік шығындарды азайту бойынша мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың жоғары сапасымен қамтамасыз етуге бағытталған.

 

БАД құрылымдық бөлімшелері:

- Бағдарламамен қамтамасыз ету бөлімі ;

- Ақпараттық ресурстар бөлімі;

- Техникалық қолдау бөлімі.

 

 

БАД алға қойған міндеттері:

Оқу үрдісін автоматтандыру мен басқаруға заманауи ақпараттық технологияларды енгізу;

- автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу;

- әкімшілік пошталық серверлерді, ақпараттық ресурстарды қорғау және университеттің серверлік түйіндерін үздіксіз жұмыспен қамтамасыз ету;
- Абай атындағы ҚазҰПУ web-ресурстарын өңдеу және басқару;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және білімді ақпараттандыру нысанында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу: университеттің білім беру қызметіне онлайн режимінде техникалық көмек көрсету және  т.б.

 

 

Университеттің серверлік түйіндерін қолдау

Орталықтандырылған серверлі-телекоммуникациялық жүйеге барлық ақпараттық ресурстар топтастырылған. Корпоративті желінің үзіліссіз жұмысы мәліметтерді сақтауға және университеттің ақпаратты магистралі бойынша берілу серверлері мен бағыттар жиынтығын қамтамасыз етеді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ақпараттық білім ресурстарын өңдеу:

- университет порталдарын өңдеу: білім беру порталы, «Абай атындағы ҚазҰПУ электронды оқулықтар» порталы, Абай атындағы ҚазҰПУ электрондық кітапханасы мен онлайн- каталог порталы;

- электронды оқулықтарды өңдеу;

- университеттің құрылымдық бөлімшелерінің web- сайттарын өңдеу.

 

Университетте интернеттің қол жетімділігі

Университет 400 Мg/сек жылдамдықпен ақпарат тарататын кең жолақты қол жетімді интернетпен қамтамасыз етілген.

 

Университеттегі екінші деңгейлі домендік www.kaznpu.kz,  қашықтан оқыту, басқа да университеттің web порталдарының және электронды пошталық қызметтердің жұмысын қамтамасыз етеді.

 

Техникалық қолдау бөлімі университеттегі барлық мәдени шаралар мен әртүрлі дәрежелі семинар-конференцияларға техникалық қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ барлық компьютерлік және оргтехниканы жөндеу, қажетті қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. 

 

114
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler