қазақша · русский · english
 
 
 
 Имансыдыкова Нургуль Жайлауқызы
Ғылыми кітапхананың директоры

Төле би 86, 2-қабат
 8(727)- 261-22-43, 8(775)- 230-77-37
biblioteka_kom@mail.ru


ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасының іргетасы 1928 ж. жоғары оқу орнымен бірге қаланған.Қазіргі таңда еліміздегі аса ірі жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі болып саналады және университтегі оқу мен ғылыми үрдістерді қажетті әдебиеттермен және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ететін университет құрылымының жетекші бөлімі.


Ғылыми кітапхананың кітап қоры 1 700 000 данадан асады. Мұнда әр ғылым саласы бойынша оқулықтар, монографиялар, көркем әдебиеттердің тамаша үлгілері жинақталған. Сонымен қатар кітапханада XVIII- XX ғғ. басында жарық көрген әр тілдердегі сирек басылымдар мен әлемдік көркем әдебиеттің бай қоры жинақталған.


Кітапхана пайдаланушыларына 3 абонементте және 7 оқу залында қызмет көрсетеді.


Пайдаланушыларға электрондық кітапхана ұсынылуда, мұнда толық мәтіндегі оқулықтар мен оқу құралдары, білімге қажетті оқу-әдістемелік кешендер (БҚОӘК), авторефераттар және диссертациялар, мерзімді басылымдардағы мақалалар бар. Пайдаланушыларға электрондық пошта арқылы ҚЭЖ (құжатты электрондық жеткізу) қызметі де ұсынылуда.


Ғылыми кітапхана оқырмандары Internet жаһандық ақпараттық желісін, сыртқы электронды ресурстарды: ҚҰЭК (Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана), 80-нен аса ресейлік және шетелдік мәліметтер қорын пайдалануға мүмкіндік беретін ЖООЭК (Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана), сонымен қатар танымал шетелдік Томсон, Шпрингер, Эльзевир, Скопус, Ebsco, Oxford және ресейлік «Лань», АйПйЭр букс электронды-кітапханалық жүйесінің мәліметтер қорын пайдалана алады. Ғылыми кітапхананың өз веб-сайты бар (http://library.kaznpu.kz/)

 

Мекен жайымыз: Төле би 86, 2-қабат.
Байланыс телефондар: 8 727 2 61 22 43, 8 727 2 72 81 97.
Email: biblioteka_kom@mail.ru
Оқу залдарының мекен жайы: Достық 13, 4-қабат, 414 каб. Қазыбек би 30,
3-қабат. Қазыбек би 28, 1-қабат, 26каб. Жамбыл 25, 1-қабат, 6каб. Жамбыл 25,
3-қабат, 301каб.

 

 

1053
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler