қазақша · русский · english
 
 
 
Садыбаев Серік Ашимкулович
Қауіпсіздік қызметінің бастығы

Достық даңғылы, 13, кабинет 118
 291-47-74, 87023059846

 

Қауіпсіздік қызметі Абай атындағы ҚазҰПУ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның қызметі білім беру үдерісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Қауіпсіздік қызметінің жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалар: Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қауіпсіздік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім туралы» Заңына, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің нормативтік базасын қатаң сақтауға негізделген. Қауіпсіздік қызметі университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

 

Қауіпсіздік қызметінің функциялары


Қауіпсіздік қызметі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:

- университеттің барлық объектілерін күзетеді;

- ғимараттар мен көрші аумақта қоғамдық тәртіпті сақтайды;

- қорғалатын объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

- қорғауға арналған тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді;

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аумағына және ғимараттарға рұқсат етілмеген тұлғалардың кіруіне жол бермейді.

 

 

 

646
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler