қазақша · русский · english
 
 

 

 

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелге білім алу іссапарын рәсімдеу тәртібі

 

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға тілек білдірген білім алушылар ағылшын тілі мен басқа да шетел тілдерін (IELTS, TOEFL т.б. сертификаттары болған жағдайда конкурстық іріктеуден өтудің қажеттілігі жоқ) білу тестілеуінен және әңгімелесу мен психологиялық тестілеуден өтулері тиіс.
Конкурстық іріктеу тәртібі сыртқы академиялық ұтқырлыққа қатысуға қажетті әр білім алушының үлгерім бағасын, ынтасы мен әлеуетінің деңгейін, тілдік дайындығын білуден, сонымен бірге білім алушымен әңгімелесуден тұрады.
Академиялық ұтқырлық аясында конкурстық іріктеудің негізгі критерийлері:
1. Өз жоғары оқу орнында бір академиялық кезеңді аяқтауы, үлгерімі «A», «A-», «B+», «B».
2. Шетел тілін меңгеруі (мүмкіндігінше шетел тілін тапсырғаны туралы 4,5 баллдан кем емес IELTS немесе 82 баллдан кем емес TOEFL IBT сертификатының болуы).
Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша шетелге шығуды ұйымдастыруға төмендегідей құжаттар талап етіледі:
1. Үлгі бойынша ректордың атына білім алушыны іссапарға жіберу туралы институт басшылығы мен кафедра меңгерушісінің қолдары қойылған (күнін көрсету) өтініш (қолмен жазылады).
Өтініш жүйелі түрде келісілген болуы тиіс:
- Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен;
- Тіркеу басқармасымен;
- Халықаралық ынтымақтастық басқармасымен;
- Академиялық ұтқырлық секторымен.
2. Білім алушының кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережесімен бекітілген үлгідегі өтініші (Қосымшаға сәйкес);
3. Шетелге шығып бара жатқан Қазақстан Республикасы азаматының үлгі бойынша толтырылған сауалнамасы (3-қосымшаға сәйкес);
4. Ұсыныс хат;
5. Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен келісілген жеке оқу жоспары;
6. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережесімен бекітілген оқу транскрипті;
7. Шетел тілін меңгергені туралы сертификат;
8. Шетелге шығу үшін белгіленген үлгідегі медициналық анықтама (№ 082 форма);
9. Шетелдік ЖОО-ның ресми шақыруының көшірмесі;
10. Шетелге шығу төлқұжаты мен жеке куәлігінің көшірмесі;
11. Екі (2) сурет - 3,5*4,5;
12. Мекенжай анықтамасы;
13. Файлдық папка.
Академиялық ұтқырлық аясында ұзақмерзімді шетелдік іссапардан оралған кезде есепке алыну үшін қажет:
1. Ректордың атына өтініш (қолмен жазылады);
2. Меңгерілген пәндер мен алынған кредиттер туралы мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған транскриптті қоса тіркеу;
3. 3 жұмыс күні ішінде университет бухгалтериясына шығын сметасына сәйкес толық қаржылай есебін ұсыну;
4. Серіктес жоғары оқу орнында оқыған кезінде жасаған жұмыстары туралы академиялық ұтқырлық секторына жазбаша есеп (еркін түрде) тапсыру қажет.
Сыртқы академиялық ұтқырық бағдарламасын үйлестіруді Академиялық ұтқырлық секторы жүзеге асырады, Бас оқу ғимараты, 403 кабинет, тел: 8 (727) 291 12 45, эл.мекен жай: acadmob@kaznpu.kz 

 


Шетелге 10 күндік ғылыми-зерттеу тағылымдамасына баратын магистранттардың

құжаттарын рәсімдеу тәртібі

 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 1 жыл, 2 жыл оқу мерзімінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде білім алатын магистранттары 10 күндік ғылыми тағылымдамадан өтулері міндетті.
Аталған тағылымдама магистратураның 2-ші курсында оқитын кәсіптік оқудан басқа барлық білім алушылар үшін міндетті болып табылады.
Университет магистрантының шетелге ғылыми тағылымдамаға шығуды ұйымдастыруы үшін төмендегі құжаттары болуы тиіс:
- Қабылдаушы университеттің ресми шақыруы;
- Шетелдік төлқұжат көшірмесі;
- Студенттік билет көшірмесі;
- 1 түрлі түсті сурет (3,5*4,5);
- Мекенжай анықтамасы.
Білім алушы шетелдік іссапардан оралған соң үш жұмыс күні ішінде нақты қаражат шығындары туралы аванстық есебін ұсынуы тиіс.
Аванстық есепке іссапардың келесі құжаттары қоса беріледі:
- Шетелдік университеттің жатақханасында тұрғаны туралы қазыналық чек;
- Оқу төлемінің қазыналық чегі;
- Іссапар куәлігі;
- Отырғызу талондары (эконом-класс ұшақ билеті);
- Сақтандыру төлемі - қазыналық чек пен сақтандырудың түпнұсқасы;
- Виза төлемі - елшіліктің ресми бланкісі;
- Сертификаттың 2 көшірмесі.


Іссапардан оралған соң магистрант сапар нәтижесі бойынша есепті (фото және бейнеесеп) Академиялық ұтқырлық секторына және кафедрасына тапсырады.
Магистрантты 10 күндік шетелдік ғылыми тағылымдамасына жіберуді үйлестірумен Академиялық ұтқырлық секторы айналысады, Бас оқу ғимараты, 403 кабинет, тел: 8 (727) 291 12 45, эл.мекенжай: acadmob@kaznpu.kz

 

2295
 
 
 
 
 
Besucherzahler