қазақша · русский · english
 
 
 

 

Шақырылған шетелдік оқытушыларға қойылатын жалпы талаптар

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-де шетелдік оқытушыларды шақыру үшін келесі талаптар белгіленген:
- Шетелдік оқытушы деп шетелдік азамат, білім беру саласындағы ғалым немесе жоғары білікті маман саналады;
- Шетелдік оқытушының келу мақсаты: ЖОО студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына дәрістер курсын оқу, кеңестер беру және практикалық (семинар) сабақтарын жүргізу;
- Ғылым кандидаты немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі, сонымен бірге құрметті атағы болуы;
- Шетелдік беделді журналдарда халықаралық ғылыми жарияланымдарының болуы, жариялау белсенділігінің жоғары деңгейі;
- Шетелдік ғалымның университетте болу кезеңі 2 аптадан кем болмауы тиіс;
- Білім беру және ғылыми қызметте жұмыс тәжірибесінің болуы, оқытатын мамандығына сай келуі;
- Халықаралық академиялық қоғамдастықта беделі болуы немесе ұсынымдары болуы;
- Абай атындағы ҚазҰПУ бастамасымен жүргізілген сабақтарының тиімді нәтижелерінің болуы;
- Абай атындағы ҚазҰПУ-мен стратегиялық серіктестік келешегі бар немесе дамып келе жатқан шетелдік университеттермен байланысы болуы.


Шақырылған шетелдік профессорлардың ресми түрде келуімен Академиялық ұтқырлық секторы айналысады, Бас оқу ғимараты, 403 кабинет, тел: 8 (727) 291 12 45, эл.мекен жай: acadmob@kaznpu.kz 

 

 

591
 
 
 
 
 
Besucherzahler