қазақша · русский · english
 
 
 

ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ - ҰТЫМДЫ ТАҢДАУ 

 

1928 жылы құрылған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - Қазақстандағы жетекші және ірі университет, сондай-ақ, отандық педагогикалық ғылым мен мәдениеттің орталығы. Білім берудің жоғары сапасы, Республикамыздағы   үздік 10 университеттің ішіндегі мақтауға тұрарлық орны, педагогикалық университеттердің көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұруы еңбек нарығында өз орнын табуға қабілетті, жоғары білікті мамандар дайындауда маңызды міндеттерді дұрыс қоюға және оны дұрыс шешуге мүмкіндік береді.

 

Олар ертеңгі күнгі Қазақстанның әрі қарай дамуының стратегиясын анықтайды, оның әрі қарай тарихын жазады және Республикамызды әлемдік қауымдастықта танытады. Ғылыми білімнің майталманы ретінде ірі тарихи және мәдени мұраны иемдене отырып, Университет әлемдік білім беру кеңістігінде Қазақстандық білімнің мәртебесін нығайтуда.

 

Бүгінде Абай атындағы ҚазҰПУ- педагогикалық білім беру, экономика және бизнес, құқықтану және халықаралық қатынастар, әлеуметтік-саяси ғылымдар саласында ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрлар мен мамандарды даярлайтын көпсалалы орталық.

 

Біздің өз қызметімізде басшылыққа алытын қағидамыз - білікті педагог жалпы білім беру сапасын анықтайды. Университеттің білім беру қызметтерінің сапасын бағалаудың танылған әдістерінің бірі институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу болып табылады.

 

- Университет шетелдік (ASIIN, Германия, ACGUIN (Германия), сондай-ақ қазақстандық аккредиттеу органдарымен (АРТА, БСҚА) ынтымақтастықта.

 

- 2014 жылы университеттің институционалды аккредиттеуін АРТА өткізді. әрекет ету мерзімі - 2019 жылға дейін.

 

- 2012-2016 жылдар аралығында ASIIN және ACGUIN агенттіктері педагогикалық профильдегі 21 бакалавриат және магистратура бағдарламаларын аккредиттеді.

 

- Қазақстандағы аккредиттеу агенттіктерінде 34 білім беру бағдарламасы аккредиттелді; 18-і АРТА-де және 16-ы БСҚА -да аккредитациядан өтті.

 

- 2018/2019 оқу жылының басындағы жағдай бойынша ақпарат берер болсақ, университеттің 55 білім беру бағдарламаласы (30 бакалавриат, 23 магистратура және 2 докторантура) аккредиттелді, бұл жалпы білім беру бағдарламаларының 41% -ын құрайды. Барлық алынған сертификаттар сайтта жарияланған.

 

Ең алдымен  ұлттық рейтингі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары арасында көш бастап келе жатқанын атап айтқан орынды.

 

2018 жылдың 15 маусымында Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігінің (IQAA) рейтингі бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 100-ден жоғары рейтингке ие болып, Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарында бірінші орынға ие болды. Жалпы алғанда, 2018 жылдың рейтингісі 289 оқу бағдарламасы бойынша деректер ұсынған еліміздің 60 жоғары оқу орындарының қызметін бағалайды. Бұдан басқа, IQAA бірқатар көрсеткіштер бойынша қазақстандық ЖОО сайттарының жұмысына баға берді. 2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың сайты тоғызыншы орынды иеленіп, үздік жоғары оқу орындар сайттарының ондығына кірді (2016 жылы сайт 26-орында болды).

 

2019 жылдың қаңтарында, LaboratoriodeInternet (Edition 2019.1.0) зерттеу зертханасының веб-сайтында жарияланған «Webometrics Ranking of World Universities» рейтингісінің қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ сайты қазақстандық 122  университеттің сайттары арасында 4-ші орынды және әлем университеттері сайттары арасында 5181 орынды иеленді. Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында Абай атындағы ҚазҰПУ- бұл рейтингте 1-ші орынды иеленді!

 

Халықаралық ынтымақтастық Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басымдықтары мен негізгі бәсекелестік артықшылықтарының бірі болып қала бермек және оны педагогикалық білім берудегі көшбасшы - 2019 жылы WorldUniversityRanking рейтингісі бойынша 481-ші орынға ие болған, еліміздің дамуының қуатты драйвері ретінде көрсетіп отыр.

 

ҚазҰПУ-дың 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына және ҚР БҒМ «Орталық Азиядағы білім беру орталығын дамытуға және ғылымды жаңғыртуға» байланысты жобаны жүзеге асырудың негізгі мақсаты университетті рухы және құрамы жағынан халықаралық деңгейге көтеру болып табылады, ол үшін: ағылшын тілінде оқитын студенттер мен ағылшын тілінде білім беретін оқытушылардың санын оқытушылар мен студенттердің жалпы санының 30% -на дейін көбейту, TOP-500-дің жоғары оқу орындарымен келісім-шарттардың санын 25-ке дейін ұлғайту, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің контингентін - 6,5% дейін арттыру, қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

 

Бүгінгі күні университет әлемнің 36 елінің жоғары оқу орындарымен 155-тен астам халықаралық келісім-шартқа қол қойды, оның ішінде TOP 500 ЖОО-мен 20 келісім-шарт бар (TheAcademicRanking of World Universities, ARWU), (Кембридж университеті, Пенсильвания университеті, Суссекс Университеті, Бейжің Біріккен университеті, Сорбонна Париждегі Сите университеті және т.б.).

 

Интернационалдандыру бағдарламасының аясында университетке шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісім-шарт негізде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімшарт бойынша қабылданады.

 

2018-2019 оқу жылында ҚазҰПУ-да Қытай, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Вьетнам, Конго, Нигерия және ТМД елдерінен келген 303 шетелдік студент оқиды, бұл жалпы контингентінің 3,9% -ын құрайды. Олардың білім беру кеңістігіне сәтті бейімделуі негізінен әлеуметтік-мәдени жағдай және білім беру ортасының ішкі факторлары, психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру арқылы айқындалады. Осы мақсатта Университет Шетелдік студенттердің «Internationalstudents Council» кеңсесін бейімдеу және қолдау орталығын құрды.

 

Институттар (факультетте) кураторлық жүйе бойынша жұмыс жасайды, шетел университеттерінде оқитын қазақстандық студенттер мен қазақстандық ЖОО-да білім алушы шетелдік студенттердің еріктілерінің бағдарламасы енгізілуде.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дәріс оқу үшін шетелдік мамандарды тарту бағдарламасы бойынша 35 университет қатысты:  АҚШ-тың 2 университеті (7%), Еуропадағы 11 университет (31%), Азия (11-31%); Ресейден - 11 (31%).

 

Университеттің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері үшін әртүрлі халықаралық білім беру ұйымдарында өткізілетін конкурстар және стипендия алу үлкен қызығушылыққа ие. Университетте оқытушылар мен қызметкерлердің ұтқырлығы қысқа мерзімді семинарлар, білім беру модульдері, Tempus халықаралық бағдарламалары, Эразмус +, Үздік оқытушы гранттары және т.б. бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.

 

2018-2019 оқу жылында шетелге шығатын оқытушылар мен қызметкерлердің саны (семинарларға, форумдарға және т.б.) 111 адам, оның ішінде: дәріс - 6, ғылыми тағылымдамалар - 47, біліктілігін арттыру - 28, ғылыми-тәжірибелік конференциялар - 30. 2018-2019 оқу жылында 110 университет оқытушысы ағылшын тілінде сабақ өткізуде, олардың 18-і «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен.

 

Университеттің мәдени-танымдық бастамаларының бірі - ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбаевтың мәдени мұрасын дәріптеу.

Абай атындағы ҚазҰПУ Қытай, Вьетнам, Түркия, Ресейдегі Абай атындағы 5 халықаралық білім беру орталығының ашылуына бастамашы болды:

- Іле педагогикалық университетінің Абай орталығы (ҚХР);

- Хошимин қаласындағы педагогикалық университетіндегі Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығы (Вьетнам);

- Эрзинкань университетінің Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті орталығы (Түркия).

- Ханой ұлттық педагогикалық университетінің Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығы (Вьетнам);

- Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің Абай атындағы Қазақ-орыс ғылыми-мәдени орталығы (Мәскеу қ.).

 

Мәдениет және білім беру орталықтарының міндеті - Абай Құнанбаевтың мұрасын кеңінен тарату, аймақтық зерттеулер, мәдениет және Қазақстан тарихы бойынша түрлі семинарлар, жаттығулар өткізу.

 

Абай орталықтарының қызметі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігіне кіруіне, имидж саясатын жүзеге асыруға және оны шетелде ілгерілетуге ықпал етеді.

 

Университеттің басты міндеті - жаңа білім берудің педагогикалық кадрларын сапалы дайындау,  бәсекеге қабілетті, прогрессивті мұғалімдерді өздері және қоғамға шығармашылық қарым-қатынаста оқыту.

 

Болашақ мамандарға білім беру және ғылыми жұмыстар  жүргізу университеттің 7 институтында жүзеге асырылады. Олар: Математика, физика және информатика институты, Педагогика және психология институты, Филология және көптілді білім беру институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Жаратылыстану және география, Тарих және құқық, Сорбонна-Қазақстан институттары. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беруді ұйымдастыру, жастарды оқу орнына дайындау мақсатында биыл Дайындық факультеті ашылды.

 

Бұл оқу орны 2014 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландтың тікелей қолдауымен және қатысуымен құрылған оқу ордасы, білім беру саласындағы екі елдің бірлескен жобасының жемісі. Париж қаласының Сорбонна университетінің әлемдегі филиалдарының екіншісі болып, ал енді Орталық Азияда бірінші филиалы болып біздің елімізде шаңырақ көтерді (PRES SorbonneParisCité).

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 9 мыңға жуық студент оқиды. Оқыту бакалавриат пен магистратураның екі дипломдық бағдарламалары бойынша жүргізіледі. 2015/2016 оқу жылында «Сорбонна-Қазақстан» институты ең алғашқы түлектерін ұшырды. «Менеджмент» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының 42 магистрі Абай атындағы ҚазҰПУ мен Париж қаласының Сорбоннасы университетінің дипломдарын қатар алып шықты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аталған халықаралық жобаны жүзеге асыруы Қазақстан ғана емес, Орталық Азия елдері жастарының да Еуропалық үлгідегі білім алуына жол ашқаны сөзсіз.

 

Университеттің білім беру қызметі жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім берудің 145 бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Оның ішінде:

- Бакалавриатта -62;

- Магистратурада -53;

- Докторантурада-30 мамандық бойынша білім беріледі.

 

Университеттегі тәрбие жұмысы дәстүрлі кураторлық қадағалау емес, «Тәлімгерлік жүйе» бойынша жүзеге асырылады. Бұл жүйенің ерекшелігі - барлық оқытушылар мен қызметкерлердің студенттерге тәрбие беруге түгел жұмылуында, бұл студенттердің 100% қамтылуын қамтамасыз етеді. Әрбір мұғалім және қызметкер барлық оқу кезеңінде 5 студентке тәлімгер болып табылады. Ағымдық тәлімгерлік жүйенің нәтижесі соңғы бес жыл ішінде студенттердің заңсыздық фактілерінің болмағандығымен еркшеленеді.

 

Қазіргі заманғы ЖОО міндеттерінің бірі - барлық білім беру, ғылыми, оқудан тыс бағыттар бойынша интернационалдандыруды дамыту. Университет неғұрлым беделді болса, соғұрлым халықаралық білім кеңістігінде оның рейтингі, академиялық және ғылыми беделінің жоғары болмақ.

 

Университет заманауи материалдық-техникалық база мен дамыған инфрақұрылымға ие. Оқу үдерісі жалпы ауданы 55 мың м2. болатын 12 оқу ғимаратында жүргізіледі. Бұл 24 компьютерлік сынып, 15 лаборатория, 45 оқу және ғылыми зертханалар, 44 семинар, 38 интерактивті сынып.

 

Университет кітапханасының оқу залдары тек оқу ғимараттарында ғана емес, сонымен қатар студенттік жатақханаларда да жұмыс істейді. Кітапхана қоры 1 700 000 дананы құрайды. Онда  оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, көркем әдебиеттің тамаша мысалдары шоғырландырылған. Кітапхана сондай-ақ 18-ші және 20-шы ғасырдың басындағы шет тілдеріндегі әлем әдебиеті мен сирек басылымдарының ең бай қоры болып табылады.

 

Спорт объектілерінің алаңы 100 мың шаршы метрден асады. Студенттердің белсенді демалысы мен салауатты өмір салты үшін спорттық және жаттығу залдары, футбол алаңы және «Спартак» спорт кешенінің жүгіру жолы бар.

 

Университетте профилактикалық және шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша медициналық орталық бар. Жыл сайынғы кешенді медициналық тексерулердің қорытындысы бойынша қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттердің жалпы сырқаттанушылық деңгейі төмендеу үрдісіне ие.

 

Маңызды мәселе - ерекше және тұрақты бақылауда тұрған студенттердің тамақтануын ұйымдастыру. Оқу ғимараттарында 1 мыңға жуық м2. аумақты алып тұрған асханалар мен буфеттер жұмыс істейді. Университеттің бүгінгі күні жалпы ауданы 17 мың шаршы метрден асатын, Wi-Fi желісі бар, 5 жайлы жатақханалары бар.

 

2025 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ: ТМД-дағы педагогикалық білімнің көшбасшысы! Біздің корпоративтік мәдениетіміз бен инфрақұрылымымыз студенттердің әлеуетін толығымен ашуға мүмкіндік береді.

 

Педагогика саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеулердің нәтижелерін, оқыту әдістемелерін және оқу технологияларын ең жақсы білім беру бағдарламаларына қолдана отырып, университет мұғалім мамандығының беделін арттырып, ел дамуының қуатты драйверіне айналып барады.

 

XXI ғасырдың педагогтарын ең озық әдістемелер мен бағдарламалар негізінде дайындаймыз! Біздің түлектер бүгінгі студенттердің қарқынды өзгеретін қажеттіліктерін болжауға ​​дайын мамандар.

 

 

 

19816
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler