қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.06.2019

Алматыда «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» I Халықаралық форумы өтеді

 

2019 жылы 20-21 маусымда Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» Бірінші халықаралық форумы өткізіледі.

 

Форумның басталуы - 20 маусым, сағат 9: 30-да,мекен-жайы: Сатпаев көшесі, 29/6, «Rahat Palaсe Hotel» қонақ үйі.

 

Форумға шетелдік спикерлер қатысады: Дэвид Фрост (HertsCam Network, Кембридж, Ұлыбритания); Яакко Скантси (EduCluster Финляндия, Финляндия); Хироки Фуджи (Окайама университеті, Жапония); Джон Ким (АҚШ), Нурпер Улкуер, Карлос Мачадо (Магдебург қ., Германия), Стефания Алишаускиене (Шяуляй университеті, Литва), Ли Сёнг Хё (Оңтүстік Корея), Лю Вэньбинь (Чжэцзян Технологиялық Университеті, ҚХР).

 

Ұйымдастырушы комитет: Халықаралық ынтымақтастық департаменті Айгүл Искакова, Маржан Тәджиева, Баян Сапаргалиева (Байланыс телефоны: +7727 291-36-92, 293-85-79).

 

Спикерлер туралы қосымша ақпараттар

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  



884

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler