қазақша · русский · english
 
 
 
 Бегалиева Сауле Баязқызы
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент мүшесі,білім және ғылым саласындағы еңбек сіңірген қайраткері
Абай даңғылы, 56б
 +7 (727) 392-22-50
Sbegalieva@mail.ru

1993 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасы құрылды. 25 жылдың ішінде университет қабырғасында мыңнан аса шетелдік азаматтар даярлық бөлімдерінде, бакалавриат пен магистратурада білім алды. 2017 жылы кафедраның атауы өзгертіліп, шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО-на даярлық (Foundation) факультетінің құрамына кірді.

Қазіргі таңда кафедрада 24 адам қызмет атқарады. Кафедраны 2000 жылдан бері педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры С.Б.Бегалиева басқарады.

Кафедрада дайындық бөлімі (оқу мерзімі 1 жыл), бакалавриат (оқу мерзімі 4 жыл), екінші жоғары білім (2 жыл, сырттай оқу), магистратура (оқу мерзімі 2 жыл), Халықаралық сертификацияға (TORFL) даярлық бойынша курстар.

БАКАЛАВРИАТ МАМАНДЫҚТАРЫ:
оқу мерзімі 4 жыл: 5В012200 - «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»
Оқу түрі: күндізгі
Берілетін дәреже: білім беру бакалавры
оқу мерзімі 2 жыл - екінші жоғары білім: 5В012200 - «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»
Оқу түрі: сырттай
Берілетін дәреже: білім беру бакалавры
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ: 6М012200- «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» (ғылыми және педагогикалық бағыт).
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Берілетін дәреже: педагогикалық ғылымдарының магистрі
Студенттер төмендігідей пәндерді меңгереді: Қазақстан тарихы, Психология, Педагогика, Қазақ әдебиеті, Орыс тілі шет тілі ретінде (В1-С1 деңгейлері), Қазіргі орыс тілі, Шешендік өнер, Қазақстан тану, Қазақ тілі, Тіл мәдениетінің негіздері, Орыс әдебиеті, Шетел әдебиеті, Қазақ әдебиеті, Орыс грамматикасының күрделі ерекшеліктері және көптеген басқалары. Сондай-ақ студенттер университет пен кафедраның ғылыми және қоғамдық өміріне белсене ат салысады.
Біздің кафедрамыздың көптеген түлектері Корея Республикасының, Ресейдің аспирантураларына түсіп, оқуларын әрі қарай сәтті жалғастыруда, әртүрлі ұйымдарда аудармашы, елшіліктерде оқытушы қызметтерін атқаруда, ғылыми зерттеулермен айналысып, магистрлік, докторлық диссертацияларын сәтті қорғап жүр.
Кафедрада: Қазақстандағы Хорватия елшісі, Қазақстандағы Корея Республикасының елшісі , Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының өкілдері, Қытай ұлттық мұнай компаниясының қызметкерлері, DAAD (Академиялық алмасулардың неміс қызметі) қызметкерлері, АҚШ, Франции, Канада, Австралия, Корей Р, ҚХР, Венесуэла, Аргентина, Вьетнам, Сингапур, Таиланд, Иран, Египет, Монғолия, Индия, Польша, Ауғанстан, Тәжікстан, Гана Республикасы, Нигерия, Италия, Жапония азаматтары білім алуда.

 

840
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler