қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлы

Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлы

 
Туған күні: 10.07.1963 ж.


Туған жері: Алматы облысы, Тегермен ауылы

 

Меңгерген тілдері: Қазақ, орыс, ағылшын тілдері

 

Білімі:
1985 ж. - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетінің «Қолданбалы математика» мамандығын үздік бітірген;
1987 - 1990 жж. - Абай атындағы ҚазПИ-дің мақсаттық жолдамасымен КСРО Ғылым академиясы Сібір бөлімі Л.Соболев атындағы Математика институтынның (Новосибирск қ.) аспирантурасында оқыған.


Ғылыми дәрежелерімен лауазымы:
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі (2010), Халықаралық педагогикалық білім академиясының академигі (2012).


Еңбек жолы:
1985 - 1987 жж. - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тағылымгер-зерттеушісі;
1990 - 2002 жж. - Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушы, аға оқытушы, доцент, физика-математика факультетінің оқу ісі жөніндегі деканның орынбасары, аға ғылыми қызметкері;
2002 - 2009 жж. - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің физика-математика факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры;
2009 - 2010 жж. - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің PhD докторантура және магистратура институтының жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің деканы, бірінші проректоры;
2010 - 2012 жж. - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасының орынбасары, төрағасы;
2012 - 2013 жж. - Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры;
2013 - 2017 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректоры, механика-математика факультетінің деканы;
2017ж. қазан айынан бастап - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бірінші проректоры.


Марапаттары мен жетістіктері:
2009 ж. - «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісі;
2009 ж. -«ҚР Жоғары оқу орнының үздік оқытушы» атағы;
2011 ж. - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі;
2016 ж. - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі;
2016ж. -«Жаратылыстану және техника ғылымдары саласындағы ауқымды еңбегі үшін» академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы медалі.
2017 ж. - «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі;


Ғылыми еңбектері мен жарияланымдары:

100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің, 6 монографияның авторы.


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler