қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
07.02.2018

«Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» тарихи-танымдық іс-шара өтті

 

2018 жылы 30 қантар күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-да әдеби зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» тарихи-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараны Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті мен М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығы ұйымдастырды. Бұл дәріске университетіміздің профессор-оқытушыларымен қатар жазушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының жиені - Байсалова Айман Қабиденқызы және студент жастар қатысты.

 

Дөнгелек үстелді М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығының жетекші, филология ғылымдарының докторы, профессор - Ізтілеуова Салтанат Ізтілеуова жүргізіп отырды. Орталықтың директоры, тарих ғылымдарының докторы Дана Мұқатова алғы сөз сөйледі.

 

Сондай-ақ бұл дәріске Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы Өмірхан Әбдиманұлы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева, А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбет арнайы қонақ ретінде шақырылды. Танымдық дәрісте А.Байтұрсынұлы мұрасына арналған жинақтар топтамасы жинақ тұсаукесері өтіп, ғалымның еңбек жолы туралы деректі фильм көрсетілді.

 

       

 

       

 

                    

 

М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығы



569

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler