қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
05.02.2018

Абай даналығы - Абай университетінде

 

2018 жылдың 31 қаңтар күні қазақ жоғары оқу орындарының қара шаңырағы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына орай, Президентіміздің «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының 10 жылығына байланысты Филология және көптілді білім беру институты магистранттарына «Хәкім Абай» ҒЗО директоры Жабал Шойынбет «Абай даналығы - Абай университетінде» тақырыбында танымдық дәріс оқыды.


Дәріс мақсаты - жас ұрпаққа Хәкім Абай даналығын бүгінгі заман талабына сәйкес жаңаша сипатта зерттеу керектігін көрсету, Абайдың асыл мұраларын алдыңғы қатарлы білім беру және әдіснамалық тәсілдері арқылы дамыту,сондай-ақ қоғамға білімнің кілтін тек кітап түрінде ғана емес, әртүрлі инновациялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Хәкімнің сөздері арқылы жеткізу жолдарымен тындармандарды тереңірек таныстыру.


Дәріс барысында магистранттар тарапынан Жабал Шойынбетке сұрақ қойылып, өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шара соңында Абай әндері тыңдалды.


Жастарды өз халқының мәдени мұрасын қадірлеуге және өсиеттерін құрметтеуге бағыттау үшін жыл бойы Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерде осындай іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

 

       

 

       

 



57

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler