қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
04.12.2018

«Жаңа кезеңдегі ұлт тарихын қалыптастырудағы Елбасы рөлі» дөңгелек үстел мәжілісі

 

2018 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Жаңа кезеңдегі ұлт тарихын қалыптастырудағы Елбасы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

«Дөңгелек үстел» жұмысын Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев ашып, мемлекеттік мерекенің мәртебесі туралы қысқаша мәліметтер келтіріп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен қызметі, ел үшін жасаған ерен еңбегі мен істері туралы атап өтті.

 

Шара барысында философия ғылымдарының докторы, профессор Раушанбек Абсаттаров, университетіміздің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі профессор Георгий Кан, саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Жомарт Симтиков, философия ғылымдарының докторы, профессор Дәуренбек Құсайыновтар мазмұнды баяндамалар жасады. Жастар атынан университет магистранттары Олжас Карибаев, Бахтияр Тохтохунов ой-пікірлерін ортаға салды.

 

«Дөңгелек үстел» жұмысын қортындылай келе проректор Жанатбек Ішпекбаев айтулы мереке қарсаңында апта бойы атқарылатын шалар кешеніне тоқталды. Атап айтқанда, университетаралық Ректор кубогына арналған КВН ойындары, «Елін сүйген, елі сүйген - Көшбасшы» тақырыбындағы жастар патриоттық акциясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері Анна Вундердің «Туған жер» ән кеші. Осылайша, ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі университет қабырғасында кеңінен насихатталды.

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департаменті

 



102

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler