қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
Ғылым

Университетте жалпы ПОҚ саны - 869, оның ішінде 50- ҚР ҰҒА және басқа академиялардың академиктері, 13 - ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 151 - ғылым докторлары мен профессорлар, 345 - ғылым кандидаттары/ доценттер, 97 - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессорлары, 232 - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценттері, 27 - PhD докторлары, 130 - магистрлер.
2015, жылдың Мемлекеттік және Үгіметтік марапаттары мен атақтарын ғылым докторлары, профессор И.М. Төленбек («Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»), Ж.Е. Ишпекбаев, Ж. Шілдебаев, А. Смагулов («Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін, Б.Ж. Шарахымбай  («Құрмет» орденін) иемденді.

2016 ж. мемлекеттік ғылым стипендияның иегері педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Балғазина Бахытгүл Серікқызы.
«2016 ж. жоо үздік оқытушылары» атағын К.О. Есенова, К.Б. Тлебаев, Р.С. Рахметова, А.Т.Искакова, К.Е. Ибраева, М.А. Жунисова жеңіп алды. 

2016 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми-инновациялық парк құрылған болатын. Ғылыми-инновацялық парк Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми потенциалын сақтап, дамытып, тиімді қолдануға бағытталған Абай атындағы ҚазҰПУ құрылымдық бөлімшесі.
Ғылыми-инновациялық парк - ресурстар мен идеяларды жинақтап инновациялық жобаларды жүзеге асыратын алаң.
Міндеті:

Ғылым-индустрия-білім беруді біріктіру
Даму мақсаты:
1. Білім беру мен өнеркәсіптегі ғылымды қажетсінетін міндеттерді шешу
2. Адам капиталын дамыту

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми инновациялық паркінде 9 ғылыми орталық пен 3 зертхана жұмыс жасайды:

  • Превентивті суицидолгия және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығы
  • «Тұлға психологиясы» ғылыми орталығы
  • «Зияткерлік ұлт қалыптастыру» ғылыми орталығы
  • Этномәдениет ғылыми-шығармашылық орталығы
  • Филологиялық зерттеулер ғылыми орталығы
  • «Ауызша тарих» ғылыми орталығы
  • "Хәкім-Абай" ғылыми орталығы
  • «Ауызша авторлық әдебиет» ғылыми орталығы
  • География және экология ғылыми-әдістемелік орталығы
  • Жаратылыстану ғылымдарының мәселелері және экологиялық қайта құру зертханасы
  • Жаңартпа және нанотехнология зертханасы
  • Оқу-ғылыми физика-техникалық зертханасы

                               

 

 

Тәуелсіз аккредитация және рейтингі Агентігі 2015 жылы ҚР ЖОО оқытушыларына  рейтинг өткізді. Рейтингіге қатысқан 55 ЖОО арасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 11 ғалымы ТОП-50 ЖОО кірді 

Тәуелсіз аккредитация және рейтингі Агентігінің (ТАРА) қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО професор-оқытушылар құрамының 2015 жылғы рейтингісі (рейтингіге қатысқан 55 ЖОО арасында) «ТОП-50»

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті