қазақша · русский · english
 
 
 
 Жангуттин Бауыржан Олжабайұлы
Кафедра меңгерушісі
Тарих ғылымдарының докторы, доцент
Жамбыл көшесі, 25
 8-701-353-29-16
arstan_g@mail.ru

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұзақ мерзімді дамуға арналған басым бағыттары аясында магистрлер мен (PhD) докторларды даярлау сапасын көтеру мақсатында Магистратура және докторантура институты жеке құрылым ретінде ашылып оның құрамында «Гуманитарлық мамандықтар» (қазіргі - «Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы») кафедрасы құрылған болатын. Сол уақыттан бастап кафедра ұжымы Қазақстан тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелерін зерттеу жүргізіп отандық ғылым саласының дамуына үлес қосып келеді. Кафедрада отандық тарих, әлемдік және отандық өнер теориялары, өнер педагогикасы сияқты ғылыми салалар бойынша зерттеулер жүргізілуде және білім берілуде.


Кафедраның профессор-оқытушылары магистранттар мен (PhD) докторанттарға отан және әлем тарихының, тарихнама мен деректанудың қазіргі кезеңдегі теориялық-әдістемелік мәселелері мен білім беру технологиялары бойынша міндетті курстар, сонымен қатар «Отан тарихы: мазмұны, мәселелері, жеке тұлғалары (ХХ ғ.)», «Тарихты ауызша айту: теориясы мен практикасы», «Күнделікті өмір тарихы: әдістері мен методологиясы және зерттелуі», «Жаңа және қазіргі замандағы қоғамдық-саяси ой», «Тарихи зерттеулердегі және білім берудегі информациялық технологиялар», «Ұлттық көркем мәдениеттің теориясы мен тарихы», «Полимәдениетті білім берудегі «бейнелеу өнері» және т.б. курстар бойынша сабақ жүргізеді. Кафедрада Х1Х-XXI ғ.ғ. отандық тарихты зерттеудің методологиялық мәселелерін қарастыратын ғылыми-теориялық семинар тұрақты түрде жұмыс істейді.


Студенттер, магистранттар және (PhD) докторанттарды дайындау бағдарламасы аясында педагогикалық және ғылыми-зерттеу практикасы жүргізіледі. Аталмыш практикалар Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында, ҚР Президенті мұрағатында, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайда, Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында, Қазіргі өнер галереяларында өтеді.


Қазақстан тарихы мен мәдениеті кафедрасының профессорлық және оқытушылар құрамының ғылыми зерттеу жұмыстары қазіргі ғылымның нағыз өзекті бағыттары бойынша жүргізіледі: Алаш қозғалысы, Күнделікті өмір тарихы, Ауызша тарих, 1920-50 жылдардағы саяси репрессиялардың тарихы, сталинизм дәуіріндегі тарихтың концептуальдық мәселелері, тарихи демография, Қазақстандағы мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі, қазақтың дәстүрлі және қазіргі өнерінің теориялық негіздері, пейзаждық кескіндеме, өнер педагогикасы, бейнелеу өнерінің теориясын, тарихын және оқыту әдістерін зерттеу, инновациялық көркемдік технологиялар, арт-менеджмент және т.б.


Кафедраның халықаралық байланыстары кең ауқымды және тұрақты. Кафедра Хоккайдо университетімен (Жапония), Ханьшан Педагогикалық университетімен (ҚХР), Табатаи (Иран) университетімен, Будапешт, Печь университеттерімен (Венгрия), М. Ломоносов атындағы ММУ-мен, РҒА-ның Ресей тарихы институтымен, РҒА Тарих және археология институтының Орал бөлімшесімен, Ага-Хан орталықазиялық университетімен (Нарын қаласы), Ресей ислам университетімен, Новосібір педагогикалық университеттерімен халықаралық байланыста жұмыс жасайды.


Сондай-ақ, кафедра еліміздегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, А. Яссауи атындағы Қазақ-түрік халықаралық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Сүлеймен Димерел университеті сияқты іргелі жоғары оқу орындарымен, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР Президенті мұрағаты, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражай, т.б. ғылыми-зерттеу мекемелерімен тығыз байланыстар орнатқан.


Кафедра оқытушылары халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға және коллоквиумдардарға белсенді түрде қатысады. Соңғы жылдары олар АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия, Голландия, Польша, Ресейлерде дәрістер оқып, баяндамалар жасады. Кафедраның халықаралық қызметі университет беделін арттыруға және халықаралық білім мен ғылым кеңістігіне енуге бағытталған.


Кафедра қызметкерлері Ф. Эберт халықаралық қорының, Мәскеу Дүниежүзілік Банкінің, «HECAP» қорының (Қырғызстан, Тәжікстан, Ұлыбритания), «The Christensen Fund» (АҚШ) қорлары гранттарының, «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық гранттарының иегерлері.


Кафедра құрамында 25 оқытушы, ғылыми атағы барлар - 87%; ҚР ҰҒА академигі - 1, ғылым докторы, профессорлар - 6; ғылым кандидаты, доценттер - 14; оқытушы - 4.


Кафедраның 2 оқытушысы «ҚР үздік оқытушысы» грант иегері болып табылады.


Кафедра доценттері Тілеубаев Ш.Б., Ермұқанов Е.Н. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығының құрметіне осы тақырыпты зерттеуге қосқан көп жылғы үлестері үшін Қазақстан тарихшылары қауымдастығының Естелік медалімен, сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Ақжол ХДП және Қазақстан тарихшылар қауымдастығы доцент Ш.Б. Тілеубаевты Естелік медальмен марапаттады.

1213
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler