қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
22.07.2019

Арыс балаларына қамқорлық

 

Абай университеті Түркістан облысы, Төле би ауданындағы «Балдәурен» республикалық сауықтыру орталығында «Біз, Арыспен біргеміз!» қолдау акциясы аясында Арыс қаласы мектептерінің 1-7 сынып оқушыларын 20 шілдеден бастап бір маусымға демалдыратын болды.

 

Орталықта кезектен тыс жазғы демалыста балалар бес мезгіл тамақтанып, сауықтыру курстарын қабылдап, танымдық-мәдени іс-шараларға, спорттық бағдарламаларға қатысатын болады. Осы қайырымдылық шараның барлық шығынын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті көтереді, ал Түркістан облысының Білім басқармасының басшылығы оқушыларды көліктермен және қауіпсіздік шаралармен қамтамасыз етеді.


Университет басшылығының арнайы тапсырмасымен ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Мақсат Жақауов сауықтыру орталығына балаларды орналастырып қайтты.

 

Арыс қаласы Абай атындағы орта мектебінің бірінші сынып оқушысы Мұзаффар Бағдат осындай қамқорлық жасап отырғаны үшін университет басшылығына ризашылық сезімін білдірді.

 

Абай университетінің қызметкерлері төтенше жағдайларға байланысты зардап шеккендерге бұдан бұрын да қаржылай көмек көрсеткен болатын.

 

«Біз, Арыспен біргеміз!» акциясын қолдау баршамыздың азаматтық борышымыз. Және бұл кез-келген төтенше жағдайда бір-бірімізге көмек қолымызды созуға дайын тұратын ұйымшылдығымыз бен адамгершілігіміздің белгісі болуға тиіс.

 

   

 

   

 

   

 



347

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler