қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.05.2020

Рамазан айындағы игі іс


2020 жылдың 21 мамыры күні Қасиетті Рамазан айында игі амалдар жасау мақсатында университет ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен №8 жатақханадағы шетелдік студенттерге ауызашар мәзірі берілді.


Шара барысында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент қызметкерлері студенттерді Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, арнайы әзірленген ас мәзірін үлестірді. Студенттер өз кезегінде университет басшылығына көрсетіп жатқан жан-жақты қолдауы үшін зор ризашылығын білдірді.


Карантин режимінде жатақхана алаңында ұйымдастырылған шара барысында барлық санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтық тәртібі сақталды.

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент