қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
31.01.2018

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Игорь Роговтың дәрісі өтті

 

 2018  жылдың 26 қаңтары күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  Қазақстан Республикасы Тұңғыш  Президенті - Елбасы  Қорының  атқарушы директорының бірінші орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Иванович Роговпен кездесу өткізілді.

 

Шараны университетіміздің бірінші проректоры,  профессор Мақтағали Бектемесов, сондай-ақ Франция Республикасының Елшілігінің білім және мәдениет мәселелері бойынша атташесі  ашты.

 

Кездесу барысында профессор Игорь Рогов «Конституциялық құндылықтарды іске асыру» тақырыбында дәріс оқыды.

 

Өз дәрісінде И. Рогов тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол  бүгінгі күні конституциялық түзетулер  қажет еместігін, керісінше қолданыстағы заңнамаға енгізілген  өзгерістерді түрлендіру қажеттігін және алдағы уақытта  цифрландыру мен IT-технологиялар басты факторлар болып табылатындығын атап кетті. Өз кезегінде бұл факторлар құқықтық түсінік, заңның орындалуы, заңгерлер мен жалпы құқық қорғау жүйесінің  маңызды өзгерістерге ұшырайтындығын тілге тиек етті.

 

Қызықты да мазмұнды өткен  дәріс  барша қатысушылардың көңілінен шығып,  профессор И. Рогов аудитория тарапынан берілген сұрақтарға тұшымды жауабын берді. 

 

Шараға Сорбонна-Қазақстан институтының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.

 

 

       

 

       

 

       

 

       

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департаменті