қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.12.2018

«Ұлттық тәрбие құдіреті»


2018 жылдың 4 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовамен «Ұлттық тәрбие құдіреті» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесу «Зере» қыздар клубының ұйымдастыруымен өткізілді.


Бауыржан Момышұлы - Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлға. Даңқты қолбасшы, Кеңес одағының батыры, қазақтың көрнекті әскери жазушысы. Автордың кітаптары мен даналық сөздері патриотизмге толы. Бауыржан Момышұлы әдебиеттің негізін қалаған жазушы ретінде танылған. Бұл көрнекті тұлғамыздың келесі ұрпаққа деп қалдырған мұрасы.


Кездесуде қаһармандық, патриотизм, ұлттық білімнің ерекшеліктері туралы ой өрбіді. Зейнеп Ахметова Бауыржан Момышұлының келіні ретінде ата тәлімі туралы әңгімелерінің «Шуақты күндер» деген атпен жарияланғанын айтты. Бұл кітап - «Бабалар Аманаты» атпен жалғасын тапқан.


Кездесу барысында студенттер өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алып, рухани байи түсті.