қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы

Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы

 

География ғылымдарының докторы, профессор, еңбек өтілі - 30 жыл, мамандық бойынша - 30 жыл. Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы 1988 ж. Абай атындағы ҚазПИ-ді үздік бітіріп, Оқу министрлігінің жолдамасы мен жас маман ретінде сол оқу орнында оқытушылыққа қалдырылған. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан топонимдерінің физикалық-географиялық негіздерін зерттеуге арналған. Ол қазақ халқының географиялық терминдерін, топонимдердің қалыптасуын табиғатты пайдалану және қорғау дәстүрлері тұрғысында зерттеп, топонимиканы ландшафттар туралы іліммен байланыстыруды жүзеге асырған. 1998 ж география саласында тұңғыш рет мемлекеттік тілде кандидаттық диссертациясын (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), ал 2010 ж докторлық диссертациясын (География институты) қорғады. ҚР БҒМ гранты бойынша орындалатын іргелі зерттеулердің жауапты орындаушысы.

Оқытатын пәндері: «Топонимика», «Қазіргі дүние географиясы», «Геосаясат және геокикілжіңдер», «Современные проблемы географии».

Жетістіктері. География саласында 3 ғылым кандидатын, 30-ға жуық магистрлер даярлаған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2011ж). 200-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрген. ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен жоғарғы оқу орындарына арналған «Қазіргі дүние географиясы», «Топонимика», оқулықтарының, жалпы білім беретін мектептердің 7,8,10,11 сыныптарына арналған география оқулықтарының, географиялық атластары мен оқу-әдістемелік құралдарының, оқу құралдарының авторы. 3-томдық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Атласын дайындауға қатысқан. 2006-2016 жылдары «Елтану және туризм» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған, 2016 жылдан бері Жаратылыстану және география институтының директоры.

Біліктілікті жоғарылату (соңғы 5 жылда). ҚР ФАО «НЦПК «Өрлеу» Республикалық педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсынан өттім,  240 сағат көлемінде, оқу тілі - ағылшын. Сертификат 06.11.02013 ж. берілген. «Методологические подходы к развитию инновационных технологий» атты тақырыптағы п.ғ.д., проф. Н.Д. Андрееваның 102 сағат көлемінде, 13.10. 2015 мен 31.10.2015 ж аралығында, сертификаты бар. А. И. Герцен атындағы Ресей  мемлекеттік педагогикалық университетінің география және өлкетануды оқыту әдістері кафедрасының профессоры, педагогикалық ғылымдар докторы В.Г. Сусловтың «Мектептегі географиялық білім берудің заманауи бағыттарын жаңғырту. Мектептегі географияны оқыту әдісіне қатысты жалпы мәселелер» (72 сағат  2016 жыл  28-і қарашамен  13-ші желтоқсан аралығы), және Т.М. Чодураевтың «Орталық Азияны тұрақты дамытудың табиғи аспектілері» атты екінші дәрісті 2016 жылдың  28-і қарашасы 10-і желтоқсан аралығында 72 сағат көлемінде тыңдады (сертификат).

Ғылыми қызығушылық тақырыбы: Физикалық географияның ғаламдық мәселері және географияны оқыту әдістемесінің кейбір мәселелерімен айналысады. Жалпы орта білім беретін мектеп географиясы мен студенттерге арналған физикалық география саласындағы бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

 


← Вернутся назад

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler