қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдар кеңесі

Махаш Гаухар Абдуғаппарқызы

Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы
PhD доктор, .С.Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
8 701 321 60 77
gao99@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 


   Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жас ғалымдар кеңесі ректор бұйрығымен 2012 жылы құрылған. Абай атындағы ҚазҰПУ Жас ғалымдар кеңесі Абай атындағы ҚазҰПУ-де жұмыс істейтін және оқитын жас ғалымдар мен мамандардың мүддесін алға тартатын, ақылдасып-кеңесетін орган болып табылады. Жас ғалымдар кеңесінің негізгі іс-әрекеті университеттің жас ғалымдарының басын біріктіріп, олардың мүддесін жарыққа шығаруға, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін барынша толықтай іске асыруы мен кәсіби деңгейін жетілдіруге ықпал ету болып табылады.
Абай атындағы ҚазҰПУ Жас ғалымдар кеңесі қызметінің негізгі міндеттері:
• Қазақстандық ЖОО-да, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерде өтілетін ғылыми бағдарламалар, қорлар, жобалар, конференциялар, семинарлар және басқадай шаралар туралы жас ғалымдарға ақпарат беру;
• Университеттің жас ғалымдарын дайындау және олардың ғылыми еңбектері жинағын шығару, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ «Хабаршысының» жас ғалымдар сериясы арқылы ғылыми ұйымдардың, ҒЗИ-дың, жоғары оқу орнының жас ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің ақпараттық базасын жасау;
• Арнайы шаралар жүйесі, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, мектеп пен тренингтер арқылы университеттің жас ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмыстарын белсендіру;
• Қазақстан Республикасы мен жақын шетел ЖОО-ның Жас ғалымдар кеңесімен бірлесе жұмыс істеуді дамыту арқылы ҚР мен шетелдік өзге ЖОО-дың Жас ғалымдар кеңесімен, ғылыми орталықтарымен байланыс торабын қалыптастыру және кеңейту;
• Университет жас ғалымдарының кәсіби деңгейінің өсуіне барынша ықпал жасау, олардың біліктілігін жетілдіру үдерісіне ықпал ету.