қазақша · русский · english
 
 
 
Педагогика және психология институты

 

 Альмухамбетов Берікжан Айткулович
Педагогика және психология институтының директоры
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Төле би көшесі 31
 +7 (727) 291-33-53

 

 Ақжолова Ақтоты Төлеумұратқызы
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Филология ғылымдарының кандидаты, профессор
Төле би, 31
 291-84-09
aktoty_72@mail.ru

 

 Арынова Гүлжанар Ғабитқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Төле би,31
 8 775 883 44 05
zhan1405@mail.ru

 

 Уайдуллақызы Эльмира
Директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары
PhD, aға оқытушы
Төле би, 31
 87751422230
elmira_uaidulla@mail.ru

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика және психология институты - еліміздегі педагог-психологтарды, білім беру жүйесіндегі психологтарды, бастауыш сынып мұғалімдерін, балабақша тәрбиешілерін, дефектологтарды және әлеуметтік педагогтар мен өзін-өзі тану мұғалімдерін дайындайтын бірден-бір іргелі білім ошағы. Институтың алға қойған мақсаты бүгінгі заман талабына жауап бере алатындай, білімді, білікті, салауатты, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Педагогика және психология институты 1999 жылы дефектология мен бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультетерінің бірігу негізінде қаланды. Институтын құрылуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан п.ғ.к., профессор Р.М.Қоянбаев жаңа факультеті басқарды. Оның факультет алдындағы еңбектерін есте сақтау мақсатында аталмыш факультеттін алғашқы деканы ретінде оқу корпустын 29 аудориясына Р.М.Қоянбаев есімі берілді.
Институт тарихына үлес қосушы ретінде өшпес із қалдырған п.ғ.д., профессор Т.С. Сабыров (№ 27 кабинетке оның есімі берілген), ф.ғ.д., профессор М.А.Караев, п.ғ.к., профессор О.С.Сатканов және доцент Л.И.Завалишин сынды өмірден өткен ардагерлердін педагогикалық еңбегін үлкен сезіммен әрі алғыспен еске алынып отырады.

2004-2008 жылдары психология-педагогика факультетін п.ғ.д., профессор К.И.Адамбеков, 2008-2011 жылдары п.ғ.д., профессор Р.А.Шаханова басқарған. 2011 жылдан қазіргі кезде Педагогика және психология институтын п.ғ.д., профессор С.М.Кеңесбаев басқаруда.
Бүгінгі таңда институтта 6 кафедра жұмыс жасайды, оның профессор-оқытушылар құрамында 148 кәсіби маман қызмет етеді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасына танымал 1 академик, 23 ғылым докторы, 57 ғылым кандидаты мен тәжірибелі әдіскер мамандар бар. Профессор-оқытушылар құрамы оқу үдерісін заман талабына сай жаңа ақпараттық технологияға негізделген интерактивті оқыту формасында жүргізеді.

Институт құрамында превентивті суицидолгия және жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық - кеңес беру орталығы ғылыми зерттеу жұмысын жүргізеді.
Института білім беру саласындағы жаңа оқыту жүйесіне байланысты, мемлекеттік стандарттарды жасау арқылы халықаралық байланысты ұлғайтуға бағытталған тұрақты жұмыстар жасалынуда.
Институттың материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай жаңа ақпараттық құралдармен, компьтерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыз етіліп, оқу процесін және ғылыми зерттеу қызметтерін жүргізу барысында жас ғалымдардың жан-жақты шығармашылық бағытта өсулеріне мүмкіндік береді. Институт орналасқан ғимаратта мамандық бағыттарына қарай жабдықталған дәрісханалар, оқу аудиторияларымен бірге интернет желісіне қосылған 2 компьютер класы, 40 орындық кітапханалық оқу залы бар. Оқу залында 2000-нан астам кітап қоры және әр түрлі мерзімдік басылымдар мен ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары жинақталған. Институт ұжымының негізгі көрсететін қызметтері мен жұмыстары жоғары білікті, шығармашылық жетістіктері мол, қабілетті және болашақ ұрпаққа сапалы білім беретін мамандарды даярлап шығаруға бағытталған. Барлық кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы мамандықтардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік стандарттарды, типтік және жұмыс бағдарламаларын, оқу жоспарларын жетілдіруге қатысып, соның негізін жасап жүрген Республикамызға белгілі ғалымдар мен ұстаздар.Сонымен бірге жаңа жүйеде білім беру мен жаңа оқыту технологияларын меңгеріп, оқу үдерісіне енгізіп отыруды басшылыққа алып, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтар, кешендер мен силлабустар жасауда.
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың саясатында жастарға қолдау көрсету алдыңғы қатарға қойылғаны белгілі. Институтте өте жақсы оқитын және қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын студенттерге арнайы Президенттік және Ы.Алтынсарин атындағы шәкіртақылар тағайындалып отырады.
Сондай-ақ оқу жылдарында әр сессияның қорытындысы бойынша институттің ақылы бөлімінің жақсы оқитын студенттері мемлекеттік гранттан босаған орындарға жарияланған конкурсқа қатысуға мүмкіндік алып, үздік шыққан студенттер мемлекеттік гранттың иегері бола алады.
Университет басшылығы студенттердің денсаулықтарын түзеуге, мүмкіндігі шектеулі жастардың білім алуына, отбасы жағдайы төмен студенттерге үнемі қамқорлық жасап отырады. Жылда институттегі күндізгі бөлімде оқитын 400-ден астам студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі. Сондай ақ университет ректорының бұйрығымен тұрақты түрде ақылы оқитын студенттердің денсаулықтарына, отбасы жағдайларына байланысты ректордың гранты тағайындалып, көптеген студенттердің оқу төлемақыларына жылда жеңілдіктер жасалады.
Институтте халықаралық байланыстарды нығайтуға үлкен жұмыстар атқарылып отырады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіледі. Көптеген студенттеріміздің ғылыми жұмыстары гранттарға ие болып, конкурстардың лауреаттары атанды. ППИ студенттері Республика жоғары оқу орындары арасындағы сәйкес мамандықтар бойынша олимпиадаларда соңғы жылдары қатарынан бас жүлделелерді жеңіп алып жүр.
Институт шет елдермен екі жақты қатынас орнату, тәжірибе жинақтау үшін институт:
- Москва мемлекеттік педагогикалық университетімен;
- Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетімен;
- Варшава педагогикалық университеті;
- Қырғыз мемлекеттік педагогикалық университетімен;
- Қытай Халық Республикасындағы Хань-Шан педагогикалық университетімен;
- Жапониядағы Канадзав, Цуруй университеттерімен; Сэйск қыздар педагогикалық университетімен;
- Фрайбург педагогикалық университетімен;
- Австриядағы Дисоезесе Линц педагогикалық университетімен тығыз байланыс жасайды.
Жоғары сапалы мамандар даярлау және студенттерді педагогикалық еңбектің жақсы үлгілеріне қатыстыру мақсатында инсититут қаланың білім беру мекемелерімен (мектеп, гимназия, лицей, балабақша, колледж) шығармашылық байланыстарды жалғастырып, жетілдіруде.
Университет ректоры, академик С.Ж.Пірәлиевтің жаңашыл бастамасымен 2009 жылғы жаңа оқу жылынан бастап енгізілген тәрбие жетекшілері жүйесін қалыптастыруда институт ұжымы инновациялық мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалану қажеттілігін ескеріп отырады. Студенттермен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстар әртүрлі теориялық, практикалық шаралармен іске асырылып, тәрбие жетекшілерінің жылдық тәрбие жұмысында жоспарланып, жыл көлемінде студенттермен бірге жан-жақты орындалып отырылады.
Атап айтсақ: университеттің ішкі ережелерімен, этикалық кодекспен таныстыру, тәрбие жетекшілерінің тәрбие сағаттарын өткізіп тұру, сабақтардан себепсіз қалмау, оқу үлгерімін қадағалау, студентті қоғамдық жұмыстарға тарту, топта психологиялық - адамгершілік жағдай қалыптастыру, студенттердің ата-анасымен үнемі байланыста болу т.б. жұмыстарды айтуға болады. Студенттік топтар арасында түрлі формада әдеби кештер, кездесулер,пікірталас, диспуттар, ашық тәрбие сағаттары үзбей өткізіледі.
М.Әуезов атындағы академиялық драма театры мен Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрының қойылымдарына барып, Қазақконцерт пен Жамбыл атындағы филормонияда өткізілген концерттерге, Қастеев атындағы өнер мұражайы мен мемлекеттік мұражайға, ұлттық кітапханаға саяхат жасау деканат тарапынан және тәрбие жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлетін тәлімгерлер тарапынан үнемі жүзеге асырылып отырады. Өлкетану мақсатында университет автобусымен Жамбыл мұражайы мен Н.Тілендиев кесенесіне белсенді студенттерді апарып отыру институтте дәстүрге айналды. Институттің тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мен үйлестіру мақсатында: тәрбие жетекшілері Кеңесі, студенттер Кеңесі, қоғамдық студенттер деканаты, студенттердің кәсіподақ ұйымы, студенттерге психологиялық көмек көрсету кабинеті, «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы, «Жалын» пікір-сайыс клубы, «Сырласу» қыздар клубы, «Әйгерім» би үйірмесі, Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі, жемқорлықпен күрес комиссиясы, «Жас НұрОтан» ХДП жетекші ұйымы жұмыс жүргізеді.
Университет басшылығы студенттердің денсаулықтарын түзеуге, мүмкіндігі шектеулі жастардың білім алуына, отбасы жағдайы төмен студенттерге үнемі қамқорлық жасап отырады.
Институт студенттері студенттік өзін-өзі басқару, жастар клубтары, спорт секциялары, көркем өнерпаздар үйірмелеріне белсенді түрде қатысады. Жастардың рухани дамуына, ғылыми бағытта жұмыс жасауына толық жағдай жасалған.
Қазіргі уақытта института күндізгі бөлімде бір мың бес жүздей студент, олардың тоғыз жүз елудей білім грантында оқиды.
Жыл сайын институт мамандықтарына сырттай және күндізгі бөлімдер бойынша оқуға түсуге ықылас танытқан талапкерлер саны арта түсуде.

 

Педагогика және психология институтында төмендегідей бакалавриат, магистратура және PhD докторантура мамандықтары бойынша жұмыс істейді:
Бакалавриат

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
5В010300 - Педагогика және психология
5В010500 - Дефектология
5В050300 - Психология
5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Магистратура
6М010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
6М010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
6М010300 - Педагогика және психология
6M010500 - Дефектология
6M050300 - Психология
Докторантура
6D010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
6D010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
6D010300- Педагогика және психология
6D010500 - Дефектология

 

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ 40 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ БАР "АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ " КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ "ДЕФЕКТОЛОГИЯ" МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ  ШАҚЫРАДЫ!

 

Буклет: Талапкер -2017 Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы


Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіптік бағдар форумы
18.04-23.04.2016ж.


Жамбыл облысындағы кәсіптік бағдар форумы
25.04-29.04.2016 ж.


Алматы облысындағы кәсіптік бағдар форумы 
04.04-08.04.2016ж.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика - психология институты еліміздегі педагог-психологтарды, білім беру жүйесіндегі психологтарды, бастауыш сынып мұғалімдерін, балабақша тәрбиешілерін  және дефектологтарды дайындайтын бірден-бір іргелі білім ошағы. Талай жылдан бері қалыптасқан факультет құрамындағы 6 кафедрада  қазіргі таңда 6 мамандық бойынша еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандар  дайындалады.

Институтте сапалы білім беруге, ғылыми-зерттеу саласындағы жоғары стандарттарды іске асыруға, халықаралық байланысты ұлғайтуға бағытталған тұрақты дәстүр қалыптасқан. Отандық педагогика және психология ғылымдары бойынша Қазақстан Республикасына танымал: 19 ғылым докторы, 32  профессор, 63 ғылым кандидаты, 33 доцент  және тәжірибелі әдіскерлер мен мамандар жұмыс атқарады. Институт құрамындағы «Жалпы және психология» кафедрасы мен «Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану» кафедрасы университеттің барлық мамандықтарында қызмет жасайды.

 

Институт келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:


Мамандық  коды

Мамандықтар атауы

 

Академиялық дәреже

 

Мамандан-дырылу

 

ҰБТ, КТ-де таңдау пәні

5В010300

Педагогика және психология

Педагогика және психология бакалавры

 

Биология

5В012300

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бакалавры

 

Биология

5В050300

Психология

Психология

бакалавры

 

Практикалық психология

 

Биология

5В010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

 

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры

 

Биология

5В010200

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

 

Бастауышта  оқыту педагогикасы мен әдістемесі  мамандығы бойынша білім бакалавры

 

Шет тілі;

Информатика

Музыка

 

Биология

5В010500

Дефектология

Дефектология бакалавры

 

Логопедия Сурдопедагогика

Олигофрено-

педагогика

Тифлопедагогика

Биология

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Институт студенттері студенттік өзін-өзі  басқару,   жастар клубтары, спорт секциялары, көркем өнерпаздар үйірмелеріне белсенді түрде қатысады. Жастардың рухани дамуына, ғылыми бағытта жұмыс жасауына толық жағдай жасалған. Оқу ғимараты қазіргі заман талабына сай материалдық базамен жабдықталған. Студенттер сұраныстарына орай жатақханамен қамтамасыз етіледі.

 

ИНСТИТУТТЕ  4 ЖЕТЕКШІ  КАФЕДРА  БАР:

Жалпы, жас ерекшелік және әлеуметтік педагогика кафедрасы педагог-психолог, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мұғалімі мамандарын даярлауды жүзеге асырады.

Білім беру психологиясы және әлеуметтік коммуникация кафедрасы педагогикалық психология мен психологияның теориялық және практикалық салаларына мамандар даярлауды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасы бастауыш мектеп және мектепке дейінгі мекеме мамандарын жан-жақты теориялық және әдістемелік даярлауды қамтамасыз етеді. 

Арнайы педагогика кафедрасы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға дефектология бойынша (логопед, сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог) мамандарын дайындайды.

Институт қызметі жоғары білікті, шығармашылық ойлауға қабілетті және  болашақ ұрпаққа сапалы білім беретін мамандарды дайындауға бағытталған. Профессор-оқытушылар құрамы оқу үдерісіне интерактивті оқыту формасын белсенді түрде енгізуде.

Институтте және университетте Интернет жүйесімен жабдықталған компьютерлік кабинеттер қызмет көрсетеді.

Оқыту түрі: күндізгі, сырттай. 

Институт сырттай оқу бөлімінің студенттеріне екінші жоғары білім алуға (2 жылдық) мүмкіндік береді.

Оқу тілі: қазақ, орыс.                                   

Оқыту мерзімі:

4 жыл (күндізгі оқыту түрі орта білім негізінде)

3 жыл (күндізгі, сырттай оқыту түрлері арнайы орта білім негізінде)

2 жыл (сырттай оқыту түрі жоғары білім негізінде)

Оқуға түсу үшін таңдалатын төртінші пән - биология. 

Талапкерлер университет ректорының атына институт пен мамандығын көрсетіп өтініш жазады (егер бар болса мамандандырылуы  қоса көрсетіледі).

ӨТІНІШКЕ МЫНА ҚҰЖАТТАР ТІРКЕЛЕДІ:

- жалпы орта білім, бастауыш кәсіптік немесе жоғары кәсіби білімі туралы құжат (түпнұсқа)

- 3х4 көлеміндегі 6 фотосуреті

- №086-У нысанындағы медициналық анықтама

- еңбек кітапшасынан көшірме (жұмыс жасайтындар үшін)

- мемлекеттік оқу гранты берілгені туралы сертификат (болған жағдайда)

Ақылы негізде қабылдау ҰБТ және кешенді тест нәтижелері бойынша жүргізіледі.

 

Студенттердің әскери кафедрада оқуларына мүмкіндіктері бар

 

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

ПЕДАГОГИКА- ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ СІЗДЕРДІ ҚАЗІРГІ  ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ

САПАЛЫ БІЛІМ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

 

Педагогика-психология институты

Алматы қ.Төле би көшесі №31, тел:2916432 2918409

Институт бойынша кәсіби бағдар беру

жұмысына жауапты: Бауыржан Жанкушков

Ұялы телефоны: 87783537583

ppf_2009@mail.ru

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы:

Алматы қаласы, Қазыбек би 30, 1-ші қабат, 114-кабинет.Байланыс телефоны: +7(727) 291-73-71 ww.kaznpu.kz

 

3128
 
 
 
 
 
Besucherzahler