қазақша · русский · english
 
 
 
Филология және көптілді білім беру институты
 Әбдіғазиұлы Балтабай
Институт директоры
филология ғылымдарының докторы, профессор
Достық данғ,13
 +7(727)291-16-06
b.abdigaziuli@mail.ru

 Османова Зейнеп Жалалықызы
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Аға оқытушы, Филология ғылымдарының кандидаты
Казыбек би, 30
 +7(727) 291-87-80, 8-701-312-60-62
zeinep1975@mail.ru

 Саметова Жаңагүл Шыңғысханқызы
Директордың ғылым жөніндегі орынбасары
Магистр, аға оқытушы
Достық даңғылы, 13
janagul-85@mail.ru

 Молдасанов Ерсайын Мышанұлы
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Достық даңғылы,13
 +7(727) 291-18-35, 8-701-801-24-05
er.alban2005@mail.ru

 

1928 жылы университетте физика-математика, лингвистика-педагогика бөлімдерінен құрылған жалғыз ғана факультет болса, осы лингвистика бөлімі негізінде 30-шы жылдары филология факультеті шаңырақ көтерді. Сол жылдары мұнда алғаш А.Байтұрсынұлы, кейінірек Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, С.Аманжолов, М.Әуезов сияқты ұлт зиялылары дәріс берді.


Алғашқы жылы тіл-әдебиет бөліміне 49 студент қабылданған болса, бүгінгі таңда мұнда 1300 - ден аса шәкірт білім алып жүр.


Филология және көптілді білім беру институты - еліміздің бакалавр-магистр-PhD докторы дәрежесіндегі қазақ, орыс, шетел тілдерінің жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мұғалімдері мен аудармашыларын дайындайтын білім беру ошағы.


Институт құрамында 4 кафедра бар. Олардың ғылыми-педагогикалық әлеуеті аса жоғары. Білім алушыларға 150-дей жоғары білікті оқытушылар дәріс оқиды.Оқытушылар арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 1 академигі, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының 4 академигі, 33 ғылым докторы, профессор, 53 ғылым кандидаты, доценттер, 12 PhD докторы, аға оқытушылар, магистранттар қызмет атқарады.


Институтта әр жылдары 10-нан астам профессор «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанып, мемлекеттік грантқа ие болды.


Жыл сайын кафедралар құрамы жаңа ғалым-педагогтармен толықтырылып отырады. Жас оқытушылардың дені - институттың өз түлектері.


Институтта қазақ тілі мен әдебиетінің, орыс тілі мен әдебиетінің, ағылшын, қытай, түрік, араб тілдерінің білікті педагог мамандары даярланады. Бүгінде бакалавр дәрежесіндегі түлектер республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінде, өзге де мәдени мекемелерінде жемісті еңбек етіп жүр.


Филология және көптілді білім беру институтында мемлекеттік тілді оқытудың көп деңгейлі кешенді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Дәлірек айтқанда, Институтта қазақ тілін оқытудың TOEFL, IELTS тәрізді халықаралық және еуропалық стандарттар талаптарына сәйкес келетін алты деңгейлі мультимедиялық кешені бойынша тілді түрлі деңгейде модульді технологиямен оқытатын ғылыми-әдістемелік жүйе қалыптасты.


Институтта мамандық пәндері бойынша сабақтар арнайы жабдықталған лингофон кабинеттері мен компьютер сыныптарында, осы заманғы техникалық құралдардың көмегімен жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізіледі. Мамандықтар бойынша дәріс өткізілетін осы заманғы озық техникамен, интерактивті тақталармен жарақтандырылған арнайы дәрісханалар бар.


Институтта шәкірттердің ғылыми-шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамыту мақсатында студенттердің ғылыми үйірмесі, С.Сейфуллин атындағы әдеби бірлестік, «Тағылым» клубы, «Тіл» үйірмесі «Ағылшын тілі 21 ғасырда» (Modern English in the 21 century), Ағылшын тілі клубы (Englich Club «iCan»), «Китаист» сияқты ғылыми үйірмелері мен «Animus» өнер клубы жұмыс істейді. Талапты студенттер мен магистранттардың көркем шығармалары, түрлі конференциялардағы баяндамалары мен ғылыми мақалалары университет басылымдарында, түрлі жинақтарында жыл сайын жарияланып тұрады.


Институтта:
- Сапа менеджменті жүйесіне сәйкес Институттағы білім, ғылым, тәрбие жұмыстары корпоративті топтар арқылы басқарылады.
- Студенттердің өзін-өзі басқару кеңесі де жаңа менеджментке сәйкес жаңаша басқаруға негізделген.
- Шетелдік университеттермен жасалған келісім-шарттар негізінде профессор оқытушылар Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Қытай, Түркия, Австрия, Кипр, Литва, т.б. шет елдерге барып, кәсіби біліктіліктерін көтереді.
- Институт ғалымдарының ғылыми дәрежелілік деңгейінің көрсеткіші әр кафедрада 60-95 пайыз аралығында.
- Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жыл сайын Институт мамандықтарынан 40-50 студент пен магистрант алдыңғы қатарлы шет елдерде білімдерін жетілдіріп қайтады.
- Институттағы орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша қос дипломдық оқыту бағдарламасы жүзеге асырылады. 2018 жылы 2 студент өз мамандығына қосымша Польшаның жоғары деңгейлі университеттерінің дипломдарына ие болды.


Институттың материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай, жаңа ақпараттық құралдармен жабдықталған дәрісханалармен, интернет жүйесіне қосылған 3 компьютер класымен, жаңа технологиялармен жабдықталған 3 лингофонды кабинетпен, интернет жүйесіне қосылған 23 интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ 45 орындық оқу залы бар, оның ішінде 1800-2000 аса кітап қоры, ғылыми әдебиеттері, әр түрлі мерзімдік басылымдар және институт профессорлары еңбектерінің қоры бар.


Институт тарихының әр кезеңдерінде қызмет атқарған қайраткер тұлғаларды айтпағанда, бүгінгі ұжымда еңбек етіп жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшелері - Ф.Оразбаева, Б.Сманов, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының академиктері Б.Әбдіғазиұлы, Т.Жұмажанова, ғылым докторлары, профессорлар, С.Д.Абишева, Р.Ә.Шаханова, Т.Тебегенов, Қ.Ө.Есенова, Г.Қажығалиева, Қ.Жаналина, М.Р.Қондыбаева, М.Ш.Мұсатаева, Ж.Қ.Балтабаева, Ш.Қожакеева, А.Қ.Қазкенова сынды ұстаздардың жеке басының үлгісі студенттер үшін айрықша қымбат.


Филология және көптілді білім беру институты алдағы уақытта тілді деңгейлеп оқыту жөніндегі А.Байтұрсынов атындағы ғылыми -әдістемелік орталығын ашуды, соның негізінде республикалық А.Байтұрсынов оқуларын жыл сайын ұйымдастыруды және сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша оқу-әдістемелік орталық ашып, үш тілді білікті мамандар даярлауды жаңа деңгейге көтеруді жоспарлауда.


Филология және көптілді білім беру институты - бүгінде өрлеймін деген ойға өріс жалғайтын, жанамын деген жүрекке от беретін, жеті жұрттың тілін меңгеремін деген талапкерлерге тіл мен әдебиеттің, сөз өнері мен мәдениеттің нәрін сіңіретін шынайы ұстахана болып отыр.

3523
 
 
 
 
 
Besucherzahler