қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Халықаралық ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.11.2017

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

 

Ақпараттық хат


2017 жылдың 21 қараша күні сағат 11.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Қоғамдық және гуманитарлық бөлімшесінің жалпы жиналысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселелері» талқыланады. Жиында ҚР ҰҒА президенті М.Ж.Жұрынов сөз сөйлейді. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Е.З.Қажыбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі Ө.А.Айтбаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ғ.Кенжебаев күн тәртібіндегі мәселе бойынша негізгі және қосымша баяндамалар жасайды.

Сондай-ақ бұл жиында ҚР ҰҒА Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің жаңа құрамы бекітіледі және басқа да мәселелер қарастырылады.

Іс-шараның өтетін орны: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, Абай атындағы ҚазҰПУ мәжіліс-залы.

 

 

Абай атындағы Қаз ҰПУ

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі

 



275

Кері оралу