қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.02.2020

Сертификат табыстау

 

2020 жылы 13 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Білімді дамытудың 2020-2025 бағдарламасын жүзеге асыру» жобасы аясында Жаратылыстану және география және Математика, физика және информатика институттарының «5В011200 - химия», «5В010900 - математика» мамандықтары бойынша білім алатын 4-ші курс студенттеріне Learningapps, Plickers, Kahoot, Quizlet, Nobbok платформаларын үйретуге бағытталған «Пайдалы платформа» 36-сағаттық семинарының сертификаты табысталды.

 

Бұл шара Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2019 жылдың 30 қаңтары мен 2020 жылдың 13 ақпаны аралығында «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өтті. Семинарды Алматы қаласы НЗМ мұғалімі Абеу Нұркелді жүргізді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы