қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.02.2020

Арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлаудың мазмұндық аспектілері талқыланды

 

   

 

2020 жылдың 14 ақпанында ҚР БҒМ бастамасымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің (Жобаларды басқару топтары) «Арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлаудың мазмұнды аспектілері» тақырыбында кезектен тыс мәжілісі өтті.


Мәжіліс жұмысына ҚР БҒМ, ЖОО, үкіметтік емес ұйымдар, арнайы (түзету) білім беру ұйымдары өкілдері қатысты. Іс-шара барысында профессор-оқытушылар құрамының «Арнайы педагогика» мамандарын даярлау бағыты және инклюзивті білім беру бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.


Мәжілісті кіріспе сөзбен Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова ашты.


Мәжіліс барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ақбота Аутаева «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде арнайы педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру тәжірибесі мен перспективалары», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Гүлжан Оразаева «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде арнайы педагогика мамандарын даярлау мәселелері мен перспективалары», «Болашақ» корпоративтік қоры «Әр бала мектепке лайықты» жобасының үйлестірушісі Жазира Искандирова мен жоба кураторы Жанар Қалиева «Эмоциялық-ерік сферасы бұзылған балалармен жұмыста қолданбалы мінез-құлықты талдаудың рөлі», «Ашық әлем» қоғамдық қорының президенті А.Архарова «Дефектолог мамандардың кәсіптік білім берудегі өзекті мәселелері», Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғалия Абаева «Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жоғары оқу орындарында білім беру ортасының қолжетімділігін талдау» тақырыптарында баяндама жасады.


Отырысқа қатысушылар баяндамаларды тыңдай отырып арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлаудың мазмұнды аспектілерін талқылауға белсенді қатысты, мәжілісте талқыланған мәселелер бойынша конструктивті ұсыныстар әзірленді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

РОӘК ОӘБ