қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.03.2020

«Шуақ» еріктілер тобы қайырымдылық акциясын өткізді

 

2020 жылдың 1 науырызы күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогикалық шеберлік академиясының «Шуақ» еріктілер тобының жетекшісі Нұржан Абзеров, «Көркем білім беру» кафедрасының оқытушысы Базар Ырыстанұлы және Педагогикалық шеберлік академиясының ұстаздары мен ерікті студенттері қарттарды құрметтеу мақсатында «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

 

Қайырымдылық іс-шарасында «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Мамырбаев және Педагогикалық шеберлік академиясының «Шуақ» еріктілер тобы атынан өкілетті Базар Ырыстанұлы екі тарап арасындағы ынтымақтастық меморандумға қол қойды.

 

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбындағы концертттік кеш өтті. Кештің ашылу салтанатында Талғат Мамырбаев пен Базар Ырыстанұлы сөз сөйлеп, «Шуақ» еріктілер тобы атынан Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы сыйлық табыс етті.

 

«Шуақ» еріктілер тобы қарттармен емен-жарқын әңгімеде болып, қарттардың әлеуметтік жағыдайларымен танысып, шахмет ойлау, кітап оқып беру, т.б. өз мүмкіндіктеріне қарай қарттардың көңілін аулап, тұрмыстық көмек көрсетті. Іс- шара жастарға оқу - тәрбие үрдісінің тәжірибесімен танысуға, кеңестерді тыңдауға және аға буынға құрмет көрсетуге мүмкіндік берді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Педагогикалық шеберлік академиясы