қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.03.2020

«Өзгермелі әлемдегі жас педагог бейнесі» тақырыбындағы кездесу

 

2020 жылдың 5 наурызы күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да бітіруші 4-ші курс білім алушыларымен Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ляззат Жылкыбаевамен «Өзгермелі әлемдегі жас педагог бейнесі» тақырыбында кездесу өтті. Urban Forum форматындағы кездесу университеттің «Мансап» орталығымен ұйымдастырылды.

 

Кездесуге университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев модераторлық етті. Кездесу барысында келесі «ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы қандай болуы керек?», «Қазіргі таңдағы еңбек нарығындағы сұраныстар», «Жас маманға қандай талаптар қойылады? Қандай мүмкіндіктер беріледі?» сынды сұрақтар талқыланды.


Іс-шара соңында Білім басқармасының басшысы Ляззат Жылкыбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығына және білім алушыларына өз алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы