қазақша · русский · english
 
 
 
Филология және көптілді білім беру институты

 

 Әбдіғазиұлы Балтабай
Институт директоры
филология ғылымдарының докторы, профессор
Достық данғ,13
 +7(727)291-16-06
b.abdigaziuli@mail.ru

 Жиренов Саян Аманжолұлы
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Алматы қ., Достық даңғылы 13, 326 кабинет
 8 747 616 50 25
Saken82@mail.ru

 Саметова Жаңагүл Шыңғысханқызы
Директордың ғылым жөніндегі орынбасары
Магистр, аға оқытушы
Достық даңғылы 13, бас оқу ғимараты
janagul-85@mail.ru

 Молдасанов Ерсайын Мышанұлы
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Достық даңғылы 13, бас оқу ғимараты,
er.alban2005@mail.ru

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі ең байырғы білім ошақтарының бірі Филология және көптілді білім беру институты - бүгінде бакалавр-магистр-PhD докторы дәрежесіндегі жоғары білікті филолог мамандар даярлап отырған еліміздегі басты орталық саналады.
Алғаш ашылған 1928 жылы тіл-әдебиет бөліміне 49 студент қабылданған болса, бүгінгі таңда мұнда 1000 - нан аса шәкірт білім алып жүр. Оларға 120 жоғары білікті оқытушылар дәріс оқиды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Филология және көптілді білім беру институты үштұғырлы тіл туралы саясатты жүзеге асыру мақсатында, еліміздің бакалавр-магистр-PhD докторы дәрежесіндегі шетел тілінің жоғары білікті, бәсекеге қабілетті шетел тілдері мұғалімдері мен аудармашылар дайындайтын білім беру ошағы. Институт құрамында 7 кафедра бар. Олардың ғылыми-педагогикалық әлеуеті аса жоғары. Оқытушылар арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 1 академигі, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының 4 академигі, 43 ғылым докторы, профессор, 4 ғылым кандидаты, доценттер бар. Институт құрамында шетел тілдері саласы бойынша ҚР танымал: 5- ғылым докторы , 4-PhD докторы, 34-ғылым кандидаты, профессор, доцент, аға оқытушылар, магистранттар қызмет атқарады.
Олар өз мамандықтары бойынша заманауи бағытта жұмыс істейді.
10-нан астам профессор «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанып, мемлекеттік грантқа ие болды.
Жыл сайын кафедралар құрамы жаңа ғылым-педагогтармен толықтырылып отырады. Жас оқытушылардың дені - институттың өз түлектері.
Институтта қазақ тілі мен әдебиетінің, орыс тілі мен әдебиетінің білікті педагог мамандары даярланады. Бүгінде бакалавр дәрежесіндегі түлектер республикамыздағы жалпы білім беретін мектептерінде, өзге де мәдени мекемелерінде жемісті еңбек етіп жүр.
Бүгінде Филология және көптілді білім беру институтында мемлекеттік тілді оқытудың көп деңгейлі кешенді бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Дәлірек айтқанда, Институтта қазақ тілін оқытудың TOEFL, IELTS тәрізді халықаралық және европалық стандарттар талаптарына сәйкес келетін алты деңгейлі мультимедиялық кешені бойынша тілді түрлі деңгейде модульді технологиямен оқытатын ғылыми-әдістемелік жүйе қалыптасты.
Институтта мамандық пәндері бойынша сабақтар арнайы жабдықталған лингофон кабинеттері мен компьютер сыныптарында, осы заманғы техникалық құралдардың көмегімен жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізіледі. Мамандықтар бойынша дәріс өткізілетін осы заманғы озық техникамен, интерактивті тақталармен жарақтандырылған арнайы дәрісханалар бар.
Ақылы негізде оқитын студенттерге әртүрлі жеңілдіктер жасалады. Атап айтқанда, жетім, мүгедек балаларға, әлеуметтік жағдайы ауыр студенттерге оқу ақысын жеңілдетілген түрде төлеу мүмкіндіктері қарастырылады.
Ақылы негізде оқитын студенттер арасынан үздік оқитындарын мемлекеттік грантқа ауыстыру мәселесі де күн тәртібіне қойылған. Соңғы жылдардың тәжірибесі байқатып отырғандай, Институт бойынша жыл сайын шамамен 8-10 студент қосымша мемлекеттік грантқа ие болып жүр.
Институтта шәкірттердің ғылыми-шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамыту мақсатында студенттердің ғылыми үйірмесі, С.Сейфуллин атындағы әдеби бірлестік, «Тағылым» клубы, «Тіл» үйірмесі «Ағылшын тілі 21 ғасырда» (Modern English in the 21 century), Ағылшын тілі клубы (Englich Club «iCan»), «Китаист» сияқты ғылыми үйірмелері мен «Animus» өнер клубы, «Журналистер», «Тұлғатану», «Талпыныс» клубтары жұмыс істейді. Талапты студенттер мен магимтранттардың көркем шығармалары, түрлі конференциялардағы баяндамалары мен ғылыми мақалалары университет басылымдарында, түрлі жинақтарында жыл сайын жарияланып тұрады.
Ұзақ жылдардан бері жемісті жұмыс атқарып келе жатқан Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби бірлестік жұмысына Институтта білім алып жүрген талапкер ақындар мен прозашылар, жас зерттеушілер кеңінен тартылған. Бірлестік қабырғасынан әр жылдары қазақтың көптеген белгілі қаламгерлері мен ғалымдары өмірге жолдама алды. Соңғы оншақты жылдың көлемінде аталмыш бірлестіктен белгілі айтыс ақыны Оразалы Досбосынов, талантты ақындар Бақыт Беделханұлы, Саят Қамшыгер, Сержан Молдасанов, Дәурен Мұқанов тәрізді түлектер қанаттанып ұшты.
Сондай-ақ Институт студенттерінің спортпен шұғылдануына жасалған мүмкіндіктер мол. Алматы қаласындағы ірі спорт ошақтарының бірі саналатын «Спартак» стадионы тікелей университет студенттеріне қызмет етеді. Онда ондаған спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Студенттер өздері қалаған үйірмелеріне жазылып, ұнатқан спорт түрлерімен айналыса алады.
Университеттегі әскери дайындық кафедрасы арқылы Институт студенттері әскери шыңдалу мектебінен өтеді.
Институт ерекшелігі:
• Университеттегі қабылданған сапа менеджмент жүйесіне байланысты институтта жаңа менеджмент жүйесі бойынша білімді, ғылымды, тәрбиені корпоративті топтар арқылы басқарылады.
• Студенттердің өзін-өзі басқару кеңесі де жаңа менеджмент-жаңа басқаруға негізделген.
• Жыл сайын 60 % астам ПОҚ шетелге Британия, АҚШ, Германия, Қытай, Түркия, Австрия, Кипр, Литваға барып, кәсіби біліктіліктерін көтеріп қайтады.
• Институтта жұмыс жасайтын ғалымдардың пайыздық көрсеткіші әр кафедрада 58-60% құрайды.
• Студенттер ұтқырлығы бойынша /мобильность/ барлық мамандықтан 40-50 студенттер жыл сайын жоғарыдағы аталмыш елдерде білімдерін жетілдіріп қайтады.
Институттың материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай, жаңа ақпараттық құралдармен жабдықталған дәрісханалармен, интернет жүйесіне қосылған 3 компьютер классымен, жаңа технологиялармен жабдықталған 3 лингофонды кабинетпен, интернет жүйесіне қосылған 23 интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ 45 орындық оқу залы бар, оның ішінде 1800-2000 аса кітап қоры, 1500 -дей ғылыми әдебиеттері, әр түрлі мерзімдік басылымдар және институт ПОҚ еңбектерінің қоры бар.
Ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс - болашақтың саналы да білімді азаматын қалыптастырудағы, білікті маман даярлаудағы аса маңызды шарттардың бірі. Ұстаз өзінің білімімен де, іс-әрекетімен де, сыртқы бітім-тұлғасымен де шәкіртінің бойына тәрбие дәнін сіңіріп отыруға тиіс.
Институт тарихының әр кезеңдерінде қызмет атқарған қайраткер тұлғаларды айтпағанда, бүгінгі ұжымда еңбек етіп жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшелері Ф.Оразбаева, Б.Сманов, ғылым докторлары, профессорлар Б.Әбдіғазиұлы, С.Абишева, Р.Ә.Шаханова, Т.Тебегенов, Қ.Ө.Есенова, Г.Қажығалиева, С.Бегалиева, Т.Жұмажанова, Л.Қ.Жаналина, М.Р.Қондыбаева, М.Ш.Мұсатаева, Ж.Қ.Балтабаева, Ш.Қожакеева, Т.Ошкина, Л.Эглит, т.б. сынды ұстаздардың жеке басының үлгісі студенттер үшін айрықша қымбат дер едік.
«Талапты ерге нұр жауар» дейді халқымыз. Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының санасы еркін, ойы азат. Қай бағытта білім аламын десе де, қай салада еңбек етемін десе де мүмкіндігі мол.
Ұлы Абай есімін иеленіп отырған ұлттық педагогикалық университетіміз, ондағы іргелі оқу орталықтарының бірі саналатын Филология және көптілді білім беру институты - бүгінде өрлеймін деген ойға өріс жалғайтын, жанамын деген жүрекке от беретін, жеті жұрттың тілін меңгеремін деген талапкерлерге тіл мен әдебиеттің, сөз өнері мен мәдениеттің нәрін сіңіретін шынайы ұстахана болып отыр.

 

Институттың мекен-жайы:
050100, Алматы қаласы, Достық,13 
Телефон: 8(727)2911835 
e-mail: philology_kaznpu@bk.ru

 

 

 

 

10
 
 
 
 
 
Besucherzahler