қазақша · русский · english
   
Академиялық ұтқырлық

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

«Академиялық ұтқырлық ережесіне сәйкес студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушы-профессорлар құрамының академиялық ұтқырлығына төмендегідей шарттар кіреді: семестрлік және бір жылдық. Семестрлік және бір оқу жылдық академиялық ұтқырлық жақын және алыш шет елдерінде өтілуі тиіс. Сол мақсатта университет және кафедра тарапынан жақын немесе алыш шет елдерінің университеттерімен келісім шарттар жасалады. Сол мақсатта университеттің оқу жұмыс бағдарламасы келесім шарт жасалған университеттің бағдарламасына сәйкестендіріледі. Әсіресе, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекіткен мемлекеттік стандарты негізге алынады. Бұл жерлегі басты мәселе академиялық ұшқырлықпен кеткен студенттің немесе магистранттың қажетті кредиттерінің қамтылуы. Есеп беру кезеңіне сәйкес «Қазақстан тарихы» кафедрасынан 2015-2016 оқу жылында 4 магистрант шетелдік тағылымдамадан өтті. 6М011400 - Тарих мамандығы бойынша Касимова Н., С. Сопабаев, З. Сүндет, Н. Болатбековалар Литваның Эдукологиялық университетінің қабырғасында 1 семестрлік тағылымдамадан өтіп келді. Магистранттар 25 кредит құрайтын төмендегідей курсттар бойынша дәрістер тыңдады: Тарихнама, Қосалқы тарихи пәндер, Өркениет тарихы, Этнология, Тарихи зерттелердің методологиясы. Олар 2015 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап 2016 жылдың 26 қаңтар күніне дейін тағылымдамадан өткен. Сонымен қатар 2015-2016 оқу жылының екінші семестрінде 10 магистрант 10 күндік тағылымдамандан өткен.
Кафедраның «6D020300-Тарих» мамандығының бойынша білім алатын 2 курс докторанттары Бисембаева Ләззат пен Болатхан Әлия Чех Республикасына 1 айлық тағылымдамаға барған. 2016 жылдың 28 мамыры мен 24 маусымы аралығында Чех Республикасының Прага қаласындағы Карл атындағы университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткен. Тағылымдама барысында шетелдік ғылыми кеңесшілері доцент PhD доктор, Мартин Франц PhD (Бисембаева Л.А.) пен профессор Мирослав Ванек (Болатхан Ә.) диссертациялық жұмыстары бойынша кеңес берді. Карл университетінің ғылыми кітапханасы мен Чех Ғылым академиясының кітапханасында жұмыс істеді. Сонымен бірге Карлов университеті гуманитарлық факультеті Қазіргі заман тарихы кафедрасының профессор-оқытушыларымен кездесіп, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен методологиясы бойынша пікір алмасқан. Маусым айының 10-12 аралығында Совинец қамалындағы Айтылған тарих зерттеушілерінің дәстүрлі халықаралық XV конференциясына қатысып баяндама жасады. Баяндама тақырыптары:
1. Бисембаева Л.А. «Роль информации устной истории как источник в изучении повседневной жизни»/Айтылған тарих мәліметтерінің күнделікті өмірдегі зерттеудегі деректік маңызы (орыс тілінде, доцент PhDr, Мартин Франц чех тіліне аударып тұрды);
2. Болатхан Ә. «Case of Oral history in Kazakhstan: «Aitylgan tarih» or «Auizsha tarih»
2015/2016 оқу жылында академиялық ұтқырлығы бір шетелдік оқытушы дәріс оқу және шеберлік сабақтар өткізді:
1. Ғылыми Форум Халықаралық қауіпсіздік Бундесвер жетекші кадрлар профессоры Рау Иоганн (Германия.)
Академиялық алмасу бағдарламасы бойынша Оңтүстік Корея Чоннамның университетіне 2015 жылдың 1 қыркүйек мен 2016 жылдың 29 мамыр аралығында тарих және құқық институтының 5В011400- мамандығының студенттер Нәсіпқалиев Әли және Ілияс Керімке оқуға жіберілді.
Алматы университеті, Ш. Уалиханов ат. Көкшетау мемлекеттіқ университеті, К. Жубатов ат. АРГУ, Қытайдың Іле педагогикалық университеті 2015-2016 оқу жылы Академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша тарих және құқық институтының 5В011400-мамандығының 3 семестр студентті Айтұған Дінмухамет, 6 семестр студенттер Колесникова Ольга, Ақжол Нұрлан, Ерсін Қалым, 5В030100- Құқықтану мамандығының 3 семестр студентті Скакова Салтанат, 6 семестр студенттер Ертай Құралай, Садуакасов Исламбек, Ануарбеков Абзал, Ораз Мадина, Сабит Ақмарал, Жуматаев Тимур оқуға қабылдады.