қазақша · русский · english
   
Тaлапкерлерге

 

ИНСТИТУТ МАҚСАТЫ:
Бәсекеге қабілетті білікті мамандарды, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, қазіргі нарық пен халықаралық стандаттар талабына сай етіп даярлау болып табылады.
Мақсатты жүзеге асыруда алға қоятынымыз:
- Қоғамның, мемлекет пен тұлғаның сапалы ЖОО білімді алуда ықыласын қанағаттандыру; бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті, әлеуметтік жауакершілігі бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау; әлемдік еңбек нарығының талабына сай ғылыми-педагогикалық және зерттеу қызметімен жаңа технологияларды игере алу;
- Бірыңғай мәдени, білім беретін, зияткерлік және инновациялық кеңістігін қалыптастыру, үздіксіз сапалы білім беретін және де Боллондық процесстің қағидалары мен әлемдік тенденцияларға сай етіп қалыптастыру;
- Белсенді халықаралық ынтымақтастық пен студенттердің, магистранттардың, докторанттар мен институт қызметкерлерін академиялық мобильділікпен қамтамасыз ету.

 

ИНСТИТУТ МІНДЕТІ:
- Сапалы білімдік қызметті әлемдік стандарттар деңгейінде қамтамасыз ету, ол өз кезегінде комплекстік және дәйекті негіздік қызметтің принциптерін жүзеге асыру.
- Оқу бағдарламасының мазмұнын педагогикалық білімді жаңарту, интеграциялық, пәнаралық сипатқа бағытталған және оқу процесіне әрдайым жаңа білімді, ең тиімді және сұранысқа ие білімдік тәжірибе енгізу.
- Оқыту қызметінің сапасын көтеру және біртұтас үшсатылы кәсіби білім моделінің деңгейін сабақтастыру (бакалавриат-магистратура-докторантура PhD).
- Білім алушылар мен ППҚ академиялық мобильділік бағдарламасын дамыту.
- Оқу процесіне үлкен масштабта инновациялық жолдарды енгізу (оқу бағдарламасының сипаты мен формасы негізіндегі оқу траекториясының кредиттік-модульдік құрылымы).
- Инновациялық оқыту технологиясы негізінде оқу-методологиясын қамтамасыз етуін жетілдіру мен оқу процесін ұйымдастыру.
- Инновациялық сипат негізіндегі көрсетілген оқу бағдарламасында алға қойған жолдарды жүзеге асыруда лайықты инфраструктура құру.

ИНСТИТУТ КАФЕДРАЛАРЫ:
1. Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы - каф. меңгерушісі, ҚР ҰҒА корр-мүшесі, т.ғ.д., профессор Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы;
2. Әлем тарихы кафедрасы - каф. меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Толекова Мереке Кокеновна;
3. Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы - каф. меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Нұрманбетқызы Жұмахан;
4. Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы - кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Төлеубекова Бахытжан Хасенқызы;
5. Мемлекеттік және азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы - кафедра меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Тілеубергенов Еразақ Манапұлы.
6. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы - кафедра меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттаров Раушанбек Борамбайұлы.
Институтта 90-нан астам білікті профессор-оқытушылар құрамы дәріс береді. Оның ішінде: 2 ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, 23 ғылым докторы, профессорлар және 37 ғылым кандидаттары, доценттер, 4 PhD докторанттар еңбек етеді.
Халықаралық іс-әрекет деңгейінде ғылыми шаруашылық байланыстарын кеңейту және ғылыми әлеуеттерін толық іске асыру мақсатында институттың кафедраларында жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен шаруашылық қарым-қатынас жөнінде Келісім шарттар жасалған.
Француз мемлекеттік университетімен, Ресей Халықтар достығы университетімен (Ресей Федерациясы), Лестер университетімен (Ұлыбритания), Стамбул университетімен (Түркия), Чоннам және Сунчон ұлттық университеттерімен (Оңтүстік Корея), Печ университетімен (Венгрия), Киев және Беларусь университеттерімен тығыз байланыс орнатып, бірлескен қызметтер атқаруда.

Доктор, профессор Райнхард Гессе. Германия. Фрайбург университеті


ИНСТИТУТ МАМАНДЫҚТАРЫ
БАКАЛАВРИАТ

• 5В011400 - Тарих (педагогикалық)
• 5В020300 - Тарих (ғылыми)
• 5В011500 - Құқық және экономика негіздері
• 5В030100 - Құқықтану
• 5В050500 - Аймақтану (араб, қытай, парсы және жапон тілдерін оқытумен)


МАГИСТРАТУРА

• 6М011400 - Тарих (педагогикалық)
• 6М020300 - Тарих (ғылыми)
• 6М011500 - Құқық және экономика негіздері
• 6М030100 - Құқықтану
• 6М050500 - Аймақтану (араб, қытай, парсы және жапон тілдерін оқытумен)
• 6М020400 - Мәдениеттану
• 6М020600 - Дінтану
• 6М050100 - Әлеуметтану
• 6М050200 - Саясаттану
• 6М020100 - Философия

 

PhD ДОКТОРАНТУРА
• 6D011400 - Тарих
• 6D020300 - Тарих (ғылыми)
• 6D050100 - Әлеуметтану
• 6D020100 - Философия
• 6D050200 - Саясаттану

Біздің түлектер мемлекеттік үлгідегі диплом алады. Олар басқару аппараттарында, министірліктерде, құқық қорғау органдарында, ұлттық компанияларда, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, жоғарғы және орта білім беру жүйесінде жұмыс істей алады. Жоғары білікті мамандар дайындауға институттың материалдық-техникалық базасы толық сай.
Шетелдердегі жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастырғысы келетін студенттер үшін ынтымақтастық жөніндегі тікелей келісім-шарттар негізінде елеулі жеңілдіктер де қарастырылған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына икемділігі бар түлектерге университет жанындағы магистратураға түсулеріне мүмкіндіктері бар. Университет 2-3 курстарда студенттерді әскери дайындықпен де қамтамасыз етеді. Институт студенттері өзін-өзі басқару, жастар клубтары, спорт секциялары, көркем өнерпаздар үйірмелеріне белсенді түрде қатысады. Білім алу үшін студенттерге барлық жағдай жасалған. Институт қазіргі заман талабына сай заманауи құралдармен жабдықталған (интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, жылжымалы экран, компьютер сыныбы, лингафон кабинеті). Студенттердің қажеттілігіне қарай жатақханадан орын беріледі.