қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

Институттағы тәрбие жұмысы бойынша атқарылған шаралар:

  • Институтта өткен «Білім және ғылым жолына түсудің бірінші баспалдағы» атты І курс студенттерін студенттік қатарға қабылдау кеші табыспен өтті (27.09.2016). «Үш аю» сарқырамасының жанына екі киіз үй, екі палатка тіктіріп,100 адамға тәңертеңгі және түскі ас дайындалды. Үш автобус студенттерді сағ.10.00-де аталған жерге жеткізді. Студенттерді қатарға қабылдау мерекесін институт директоры А.С.Бердышев құттықтау сөз сөйлеп салтанатты жиынды ашты. Институт тарихына тоқталып, жаңа білім саясаты туралы ақпараттар беріп бірінші курстарға сәт сапар тіледі.Сценари бойынша концерт (би, ән, КВН) қойылып, лоторея ойынатылды. Студенттер табиғатты тамашалап, сарқырамаға көтеріліп таудың таза ауасымен дем алды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді. Тауда түскен суреттер мен роликтер интернетке, ВК орналастырылып лаиктармен дауыс беруге қойылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша студенттер арасында жақсы ролик пен жақсы фотосурет түсірген студенттерге ақшалай сыйлықтар берілді. Қатысушылар керемет дем алғандарын айтып, интернет арқылы ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Студенттерге мен студенттік билеттер және төртінші курс студенттерінің бірінші курс студенттеріне аманат сыйлықтары табыс етілді.
  • Құрбан айт- барша мұсылманның ұлық мейрамына орай жатақханада арнайы іс-шара ұйымдастырылып, құрбан шалынды. Институт басшылары өз қаражатына бір қой және дастархан жабдықтарын алып, жатақхана алдына 300 студентке дастархан жайды. Студенттер мен жатақхана қызметкерлері палау басып, басқа да тағамдар дайындап үлкен сауапшылық қызмет атқарды.
  • Институтта «Біз енді студентпіз», жатақханада «Алтын күз» атты кеш ұйымдастырылып, студенттер арасында конкурстар өтті. Жеңімпаздарға арнайы ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Жюри мүшелері болып тәрбие бөлімінің қызметкерлері және институт оқытушылары болды. «Біз енді студентпіз» атты кеште студенттердің кафедра меңгерушілерімен профессор оқытушылар құрамымен кездесуі қызықты пікір алмасуға жалғасты. Институт тарихы туралы А. Біргебаев түсірген деректі фильм көрсетілді. Соңынан қойылған концерттік бағдарламалар мен КВН көрністері өте тартымды өтіп қатысушылардың ықыласына бөленді. Бірінші курс студенттері өз өнерлерін көрсетті.(21.10.16., 150 студент қатысты)
  • Ұстаздар күніне байланысты Университетімізде өткен салтанатты жиында, өткен оқу жылы бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысына сай, институттың екі оқытушысы университетіміздің төс белгісімен (Тілебаев Қ.Б., Халиқкова Г.З.) және бір оқытушы университет грамотасымен (Киселева Л.А.) марапатталды.(08.10.16) Студенттер университетіміздің тәрбие бөлімі немесе қалалық әкімшілік ұйымдастырған «Қала күні», «Қалалық сенбілік», «Тәуелсіздік күні» т.б. іс-шараларға белсенді түрде қатысты.(200 студент қатысты)
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығы, 17 қараша-Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған «Жастықтың оты жалындап..» атты студенттік онкүндікте «КТК» ойындарында институт студенттері «Айналмалы кубогті» иемденді, сонымен қатар студенттік өзін-өзі басқару кеңесі Алғыс хатқа ие болды.
  • Студенттер Университеттің «Мәңгілік елдің дені сау ұрпағы» спартакиадасына қатысып волейболдан, футболдан және ұлттық ойындардан жүлделі орындарға ие болды. Фудболдан үздік ойыншы ретінде 1 курс студенті Есмұхан Даурен танылды. (20.10.16.)
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Еліміздің кеменгері-Елбасы» апталығында институтта өткен президент канцеляриясының басшысы М.Б. Қасымбековтың «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» кітабы және институт проректоры Ж.Е. Ішпекбаевтың «Мәңгілік ел осылайша сомдалған» монографиясын таныстыру негізінде өткен дөңгелек стол өткізілді. Оған институт басшылығы кафедра меңгерушілері, белсенді студенттер қатысты. (28.11.16.)
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында өткен оқу жылы бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысына сай, институттың екі оқытушысы университетіміздің төс белгісімен (Нугуманова С., Джумадиллаев Қ.) және бір оқытушы университет грамотасымен (Жаңбырбаев Ә.) марапатталды.(14.12.16)

Институт  кафедраларындағы тәрбие жұмыстары бекітілген жоспарға сай жүргізілуде.  Физика кафедрасының атқарған жұмыстары.

 1 қыркүйек - Білім күніне орай ұйымдастырылған мерекелі салтанат өтті. Биылғы оқу жылына қабылданған 1 курс студенттерін қабылдау және оларды өз факультеттерімен таныстыру жүргізілді.