қазақша · русский · english
   
13.11.2019

Ғылыми кітапханаға барды


2019 жылдың 11 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Шетелдік азаматтарға арналған және жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультетінннің оқытушылары мен тыңдаушылары Университеттің ғылыми кітапханасына барды.


Университетіміздің ғылыми кітапханасы - тыңдаушылардың, студенттердің, оқытушылардың мәдени және рухани орталығы. Кітапханада әр ғылым саласы бойынша оқулықтар, монографиялар, көркем әдебиеттердің тамаша үлгілері, ХVII-ХIХ ғасырларда жарық көрген сирек кездесетін әдебиеттер жинақталған.


Кітапханашы Айжан Атантаева тыңдаушыларымызға ғылыми кітапхананың қоры, электрондық кітапхана, электронды каталог және де осы электронды кітапханаға тіркелу, кітапхана абонементі болу жайында толық мәлімет берді. Тыңдаушыларымыз заманауи жабдықталған ктіпахананың электрондық нұсқасына тіркелуді үйреніп, кітапхана қорымен танысып, танымдық мәліметтер алып қайтты.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу