қазақша · русский · english
   
Қоғамдық қызмет

 

Тарих және құқық институтының СӨӨБК құрамын бекіту


Cтуденттік өзін-өзі басқару кеңесінің 2017/2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары


«НҰР-ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОРНЫ ЕРЕКШЕ!


Еліміздің өсіп-өркендеп, өркениетке жол бастауына ықпал етіп отырған партиялар бар екендігін өздеріңіз жақсы білесіздер. Сол саяси партиялардың ішінде «Нұр-Отан» партиясының ерекше орны бар екені сөзсіз. 2016-2017 оқу жылында институттан 5 профессор-оқытушылар құрамы мен 30 студент «Нұр-Отан» партиясына жеке өтініштері негізінде мүшелікке қабылданған болатын. Сол профессор-оқытушылар мен студенттердің партия билеттерін 2017 жылдың 25 қараша күні Тарих және құқық институты директораты ұйымдастырған «GOLD STAR-2017» атты мерекелік кешінде «Нұр-Отан» партиясына өткен мүшелердің пратиялық билеттері таратылды.

 

  

 

 

Жалпықалалық сенбілік

Алматы қаласы әкімінің «Жалпықалалық сенбілік өткізу туралы» қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 21 қазанында қала көшелері мен аумақтарын, көпшілік демалатын орындарды, арық жүйелерін, өзен арналары мен жағалауларын қоқыстан тазарту мақсатында жалпықалалық сенбілік өткізілді.
Аталған сенбілікке университетіміздің басқа институттары мен қатар Тарих және құқық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қауымы да атсалысып, 100-ден астам білім алушылары сенбілікке қатысты.
Медеу ауданы әкімдігі тарапынан институт ұжымы мен студенттеріне бекітілген аумақта, атап айтқанда, «Достық» сквері, Кіші Алматы өзені жағалауы бойымен тазалау жұмыстары толықтай жүргізілді. Сонымен қатар, сенбілікке қатысушылардың 1-курс магистранттары институт аумағын тазаласа, 1-курс студенттері мен Тәрбие жетекшілері «Достық» сквері, Кіші Алматы өзені жағалауы бойын жапырақтардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылды.
Әсем қаламыздың тазалығы мен көркін келтіру мақсатында ұйымдастырылған бұл сенбілікке ұжымдық бірлікте атсалысқан профессор-оқытушылары мен жастарымызға университет және әкімшілік тарапы өз ризашылықтарын білдірді.

 

  

 

   

 

   

 

АЛАШ ТУЫ АСТЫНДА!

2017 жылдың 16 қазан күні сағат 17:00-де М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жүзеге асырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Алаш Орданың 100 жылдығына арналған «Алаш туы астында!» атты салтанатты кешке Тарих және құқық институты атынан 25 студент атсалысып, қатысты. Кештен шыққан студенттер көрсетілген видеофильмдер мен баяндамалар мазмұнынан алған әсерлерін айтып, Алаш ордашылар қызметін тағы да бір жаңа қырынан танығандықтарын айтты.

 

 

 

 

ЖАТАҚХАНА ОРЫНДАРДЫ БӨЛУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАНДАРДЫ ҚАДАҒАЛАУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы»
№ 66 бұйрығына сәйкес Тарих және құқық институтының білім алушыларына жатақханалардағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссиясының шешімімен университетіміздің №5 жатақханасына орналасу үшін жолдама берілді. Университет тарапынан Тарих және құқық институына 87 орын бөлінді. 2017-2018 оқу жылында институттың білім алушылары (студенттер, магистранттар және докторанттар) тарапынан жатақханаға орналасу үшін университет ректорының атына 153 өтініш қабылданды.
ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, Жатақханалардағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссия келесі құрамда жұмыс жүргізді. Комиссия төрағасы - институт директоры, т.ғ.к., профессор Б.С. Жұмағұлов.
Комиссия мүшелері:
Ғ.Х. Халидуллин - т.ғ.д., профессор, институттың Ардагерлер кеңесінің төрағасы;
М.М. Муратказин - Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары;
Г.М.Көккөзова - Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, 2014-2015 оқу
жылының үздік тәрбие жетекшісі.
Комиссия жоғарыдағы 153 білім алушылардың өтініштерін қарау кезінде олардың ішіндегі әлеуметтік жағдайы төмен (толық жетім, жартылай жетім, мүгедек, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған адамдар мен көпбалалы отбасыдан шыққандар) білім алушылар мен мемлекеттік грант иегерлері, алыс облыстардан келген және белсенді студенттерді ескеріп, жатақханаға жолдама беру туралы ортақ шешімге келді.
Жатақханалардағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссияның 04.09.2017 ж. күнгі отырысында (№1 хаттама, 04.09.2017 ж.) 60 білім алушыға, 20.09.2017 ж. күнгі отырысында (№2 хаттама, 20.09.2017 ж.) 10 білім алушыға, 22.09.2017 ж. күнгі отырысында (№3 хаттама, 22.09.2017 ж.) 10 білім алушыға, 29.09.2017 ж. күнгі отырысында (№4 хаттама, 29.09.2017 ж.) 5 білім алушыға, 09.10.2017 ж. күнгі отырысында (№5 хаттама, 09.10.2017 ж.) 2 білім алушыға жолдама беру туралы шешім қабылданды.
Нәтижесінде, университет тарапынан бөлінген 87 орынға институттың 87 білім алушысы: Айта кететін болсақ, 80 студент, 6 магистрант, 1 докторант. 80 студенттің ішінде 1 курстан - 37 студент, 2 курстан - 23 студент, 3 курстан - 12 студент, 4 курстан - 8 студент орналастырылды.
Жатақхана алуға ниет білдірген 87 білім алушының (оның ішінде 58 студент, 8 магистрант) құжаттары институт директораты тарапынан тіркеуге алынды.

 

Студенттік өзін-өзі басқару

Институтта белсенді студенттерден құралған студенттік өзін-өзі басқару кеңесі жұмыс жасайды. Оқу жылының басында студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің құрылымы жасалып, институт директорының қолымен бекітілген. Студенттік басқару құрамына келесідей қызметтер бойынша міндеттер мен жауапкершілік жүктелген. Атап айтар болсақ: «Студенттік декан», «Студенттік декан орынбасары», «Білім және ақпарат координаторы», «Ғылым және инновация координаторы», «Тәрбие және денсаулық координаторы», «Өнер және дизайн координаторы», «Спорт және координаторы», «Студенттік кәсіподақ», «Көшбасшы студенттер Клубы» «Белсенділер мен оқу озаттары» және «топ басшылары».
«Көшбасшы студенттер» Клубының жұмыс жоспары, Клубтың Ережесі және студенттік өзін-өзі басқару құрамының құрылымы мен атқарылған жұмыстарының нәтижелері фото және видеоролик түрінде ұсынылған.


Институт қызметкерлері мен студенттер Алматы қаласы Медеу аудандық әкімінің және университет басшылығының ұйымдастыруымен өткізілген сенбіліктерге қатысып, қала көшелері мен саябақтарының және институт аумағының тазалығына өз үлестерін қосып келеді.


СЕНБІЛІК
Институт қызметкерлері мен студенттер Алматы қаласы Медеу аудандық әкімінің және университет басшылығының ұйымдастыруымен өткізілген сенбіліктерге қатысып, қала көшелері мен саябақтарының және институт аумағының тазалығына өз үлестерін қосып келеді.

 

Тарих  және құқық  институтының  5 жатақханадағы ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ КЕЗЕКШІЛІК КЕСТЕСІ/