Филология және көптілді білім беру инcтитуты | Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғауға қойылатын талаптар
2018 жылы Импакт-факторы бар журналдарда жарияланған мақалалар тізімі 2018 жылы жарияланған монографиялар тізімі 2018 жылы патенттер мен авторлық куәліктерді алған ПОҚ тізімі 2018 жылы біліктілігін арттырған ПОҚ тізімі
Латын қарпіне көшуде жас ғалымдар ұстанымы: мәселе, пікір, ұсыныс
2018 жылдың 11 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді беру беру институтында «Латын қарпіне көшуде жас ғалымдар ұстанымы: мәселе, пікір, ұсыныс» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесті университет ректорының «Латын қарпіне көшуде қазақ тілінің өзіндік дыбыс нормасын сақтаудың лингвистикалық негіздері» гранттық ғылыми жобасын орындаушы жас ғалымдар ұйымдастырды. Жоба жетекшісі - директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Жаңагүл Саметова, орындаушылары - академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушы Алмас Найманбаев және «6D021300-лингвистика» мамандығының 2 курс докторанты Тоқтар Керімбеков.
Семинар-кеңестің мақсаты: қазақ тілінің латын қаріпіне көшу үдерісіндегі жас тілші-ғалымдардың ой-пікірін білу, түйткілді мәселелерін тыңдау және өзіндік ұсыныстарымен бөлісу болды.
Семинар-кеңеске Қазақстан мен Түркия мемлекеті жоғары оқу орындарының, Академиялық зерттеу институттарының 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары, ізденуші докторант, магистрант және студенттері қатысты.
Атап айтқанда, семинар-кеңес барысында төмендегідей негізгі баяндамалар оқылды:
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша баяндамашыларға сертификаттар табысталып, шешімімен ұсынылған баяндамалар ғылыми жинақ түрінде жарық көретін болды. Ол ғылыми жинаққа Қазақстанның жоғары оқу орындарының, Академиялық зерттеу институттарының 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары, ізденуші докторант, магистрант және студенттерінің қазақ тілінің латын қарпіне көшудегі өзіндік ұстанымдары, мәселелері, ұсыныстары жайындағы мақалалары кіреді
«Филологиялық білімдер инновациясы: дәстүр мен сабақтастық»
2018 жылдың 22 қарашасында Филология және көптілді білім беру институты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына арналған студенттер мен магистранттардың «Филологиялық білімдер инновациясы: дәстүр мен сабақтастық» тақырыбында дәстүрлі 72-ші ғылыми конференциясын өткізді.
Конференцияның пленарлық мәжілісін ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева ашып, конференцияға қатысушы жас ғалымдарға сәттілік тіледі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша студенттер мен магистранттардың республикалық ғылыми жоба байқауынан жүлделі орындарға ие болған Филология және көптілді білім беру институты «5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті Әсем Сәрсемәлиеваны, «5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Айдана Әжібайды, «5В011800-орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті Сабина Валиеваны ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің дипломдарымен марапаттады.
Пленарлық мәжілісті институт директоры Балтабай Әбдіғазиұлы жүргізді. Пленарлық мәжілісте 4 тілде баяндама жасалды: «6М020500-филология» мамандығының 1-курс магистранты - Баубек Жұмаш қазақ тілінде (ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., доцент Нағима Ильясова), «5В011800-орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті - Алина Афанасьева орыс тілінде (ғылыми жетекшісі: PhD доктор Алла Джундубаева), «Шетел филологиясы: ағылшын тілі» мамандығының 1-курс студенті - Диана Нәду ағылшын тілінде (ғылыми жетекшісі: магистр-оқытушы Нұржамал Қоспағанбетова), «5В021000 шетел филологиясы (араб)» мамандығының 4 курс студенті - Еңлік Дігәрбек араб тілінде (ғылыми жетекші - аға оқытушы Рая Оразова).
Конференцияның материалдары жинақ түрінде жарық көрді. Ғылыми жинаққа 6 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, түрік) мақалалар енді. Жас ізденушілерге институттың 85 профессор-оқытушылары жетекшілік жасады. Конференция бағдарламасына сәйкес 4 кафедрадан 9 секция бойынша жұмыс жүргізілді. Конференция қорытындысы бойынша студенттер мен магистранттарға І, ІІ, ІІІ дәржелі дипломдар мен қатысқаны үшін сертификаттар, жетекшілік жасаған профессор-оқытушыларға алғыс хаттар берілді.
![]() |
21.02.2019 «Абай-Верн» и « Make Our Planet Great Again» шәкіртақы бағдарламалары20.02.2019 Ректор Кубогына арналған «ABAI UNIVERSITY CUP» турнирі19.02.2019 «XXI ғасыр мұғалімін дайындаудың мәселелері»18.02.2019 «Латын негізді қазақ жазуы: ономастикалық-графикалық кеңістік мәселелері» дөңгелек үстелі18.02.2019 «Қазіргі кезеңдегі құқықтың, экономиканың және білімнің көкейкесті мәселелері: теория және тәжірибе»18.02.2019 «Менің пірім - Сүйінбай» |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68 8(727)291-87-80 |
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары |