қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
13.02.2018

РЕКТОР КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

 



Қазақ ұлттық педагогикалық университеті­нің ректоры Такир Балықбаев оқу орнының студенттер және профессор-оқытушылар құрамымен жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, университеттің білім беру бағдарламасын жетілдіру бағытындағы озық идеяларымен бөлісіп, көкейкесті мәселелерін ортаға салу мақсатында кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында ректор Такир Балық­баев Елбасының Қазақстан хал­қына арналған Жолдаудағы «Адами капитал - жаңғыру негізі» жетінші мін­детті жүзеге асыру бағытында уни­вер­ситетте ғылыми бағыттағы жасалып жат­қан оңтайлы мәселелерге аса ден қойылып жатқандығын, соның ішінде ғылыми әлеуетті күшейту, жас ғалым­дарды ынталандыру, ғы­лымды қаржы­ландыруды жобалық жүйеге көшіру, өзге университтермен тәжірибе алмасу, жас оқытушылар мен ғалымдарды барынша ғылыми жобаларға тарту, әлемдік ел­дердің озық тәжірибелерін жинақтау үшін халықаралық дәрежелердегі жо­ғары оқу орындарымен бай­ланысты күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ 2017-2018 оқу жылының бірінші жар­тыжылдығында атқарылған шаралар бойынша ақпарат беріп, 90 жылдық ме­рейтой аясында жоспарланған шаралар тізбегімен таныстырып өтті.


- Ғасырға жуық тарихы бар уни­верситетіміз бүгінгі күнге дейін 200 мың­нан астам түлек ұшырып, 3 мыңнан астам ғылыми кадр даяр­лады. 90 жылдық мерейтой аясында универ­ситетімізде көптеген жұмыс атқарылды. Сту­дент­терге қызмет көрсету сапасын арттыру мақ­сатында «бір терезе» қағидасын іске асыруға бағытталған «Шапағат» орта­лығы ашылды. Оқу үрдісіндегі қызмет сапасын жетілдіру бағытында Univer ақпараттық жүйесі іске қосылды, сон­дай-ақ университетіміздің инфра­құ­рылымын дамыту жұмыстары жүргі­зілуде. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж 517 білім алу­шы­ның оқу ақысына 10-50 пайыз аралығында жеңілдік көрсетілді. Білім сапасын арттыру, жемқорлыққа жол бермеу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет «Академиялық адалдық» кодексі қабыл­данды. Білім алушылардың қысқы демалысы уақытында профессор-оқы­тушылар мен қыз­мет­керлердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында 8-18 қаңтар аралы­ғында алғашқы рет «Кәсібилік және педа­го­гикалық шеберлік» қысқы мектебі ұйымдас­тырылды. Университетіміздің 90 жыл­дығын атап өту бойынша арнайы шаралар кешені әзірленіп, соған сәйкес 70-тен астам іргелі шаралар өткі­зуді жоспарлап отырмыз. Осы орайда, ал­дымызда көптеген міндеттер тұр. Атап айтқанда, бұқаралық спортты дамыту, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шара­ларын күшейтуді қолға алғалы отырмыз. Осы міндет­терді іске асыру үшін сіздермен біріге жұмыс істеуіміз қажет. Өздеріңізбен кездесуіміздің бір­ден бір себебі де осында. «Болашақта уни­верситетіміз қандай болуы тиіс?», «Педагогтың мәртебесін қалай көте­реміз?» деген сауалдарға әрбіріңіздің пікірлеріңізді тыңдағым келеді, - деді университет ректоры Такир Балықбаев.


Кездесу одан әрі ашық сұхбат түрін­де жүр­гізілді. Жиын барысында қаты­сушылардың тарапынан өздерін толған­дырып жүрген бір­қатар өзекті мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылып, түрлі ұсыныстар айтылды.


Жиын соңында Такир Балықбаев ғылыми ізденістері бағытында үлкен жетістікке жеткен жас ғалымдардың алдағы уақытта оқу орнында жас маман ретінде жұмыспен қамтылатынды­ғын және оқытушылардың мәртебесін арт­тыру жұ­мыстары жалғасатындығын айтып, қаты­сушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осылай жоғары бел­сенділік танытуға шақырды.


Авторы: Қазына Бекбенбетова,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қызметкері

13.02.2018 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz, PDF

 



77

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler