қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.12.2018

Ректордың студенттермен кездесуі

 

Соңғы жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректорының студенттермен кездесіп, оқу орнының тыныс-тіршілігі туралы ақпарат беріп, олардың өтініш-тілектерін тыңдауы дәстүрге айналып отыр. Мұның өзі басшылық пен білім алушылар арасындағы байланысты нығайтып, оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыруға, білім сапасын жақсартуға айтарлықтай ықпал жасап отырғаны белгілі.

 

4 желтоқсан күні дәстүрлі кездесуде университет ректоры Такир Балықбаев алғашқы күннен бергі уақытта оқу орнында болған жаңалықтар, өзгерістер, қол жеткен табыстар туралы баяндады. Биылғы жыл университет үшін ерекше жыл болды. Қазан айында оқу орнының 90 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде атап өтілді. Мерейтой аясында Педагогикалық жоғары оқу орындары Еуразиялық қауымдастығының форумы болып, оған осы одаққа мүше Ресей, Беларуссия, Қазақстан Қырғыстан, Армения мемлекеттерінің 44 педагогикалық университеттерінің өкілдері қатысып, педагогикалық білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. «Қазіргі замандағы математикалық модельдеу» тақырыбындағы халықаралық конференция, Түлектер форумы, Салтанатты мәжіліс өткізіліп, бұл іс-шараларға 200-ге жуық шетелдік ғалымдар қатысты. ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Президент Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау хатын тапсырды. Ректор осы іс-шараларға белсене қатысқан студенттерге алғыс айтты.

 

Университет ректоры Такир Балықбаев осы мерейтойдан кейін Президент Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауында болып, есеп бергенін назарға салып, Елбасының университет ұжымына құттықтауы мен берген тапсырмаларын жеткізді.

 

Ректор бұдан басқа да атқарылған жұмыстар туралы ақпарат бере келіп, студенттердің қысқы сессиясын ұйымдастыру мен өткізудің тәртібіне тоқталды.

 

Студенттер өз кезегінде ректорға өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша әр алуан сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім